Қазақстандағы түзету мекемелерінде сотталғандардың шағымдарын тікелей мемлекеттік органдарға жеткізу үшін 608 электронды терминал орнатыла бастады. Бұл бастама Бас прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылуда.
Жаңа жүйе сотталған азаматтарға мекеме әкімшілігін айналып өтіп, Бас прокуратураға, сотқа және Адам құқықтары жөніндегі уәкілге тікелей жүгінуге мүмкіндік береді. Осылайша, олар түрме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдана алады. Терминалдар іске қосылғаннан бері 8 мыңнан астам өтініш жолданған.
Алайда, Ұлттық алдын алу механизмі (ҰАМ) қатысушыларының 2023 жылғы есептерінде бұл жүйенің іс жүзінде толық жұмыс істемейтіні атап өтілген. Көптеген мекемелерде терминалдар істен шыққан немесе сотталғандар оларды қолдана алмайды. Кейбір азаматтардың айтуынша, құрылғыларды әдейі өшіріп тастайды.
“Expert Independent Research Institute” қоғамдық қоры терминалдардың қолжетімділігін және олардың жұмысының ашықтығын зерттеуді қолға алды. Бұл жоба Еуразия қоры мен USAID-тың қолдауымен іске асырылуда. Қор жетекшісі Мирхат Серікбаевтың айтуынша, Қазақcтандағы бұл тәжірибе халықаралық деңгейде бірегей жоба ретінде қарастырылады. Қазақстан жабық мекемелерде цифрлық құқықтарды қорғау бойынша жетекші елдердің қатарына қосылуы мүмкін.