Қытайлық UBTech Robotics компаниясы биылдан бастап кәсіпорындарға арналған өнеркәсіптік адам тәрізді роботтарды жаппай шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады.
Шэньчжэнь қаласында орналасқан UBTech Robotics компаниясы 2024 жылдың соңына дейін адам тәрізді роботтарды өндіріске енгізуді көздейді.
Компанияның бренд-менеджері Майкл Тэмнің айтуынша, 2025 жылы 500–1000 дана Walker S роботтары шығарылып, автоөндірушілерге, Foxconn компаниясына және логистикалық SF Express компаниясына жеткізіледі.
UBTech-тің негізгі мақсаты – роботтарды күнделікті өмірге енгізіп, әр отбасыға қолжетімді ету. Алайда қазіргі кезеңде компания өнеркәсіптік роботтар бағытына басымдық беріп отыр.
Тэмнің сөзінше, роботтардың басты міндеті – өндіріс орындарындағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін шешу. 60%-дан астам робот жаңа Walker S2 моделі негізінде жасалады. Бұл үлгі 2024 жылдың екінші тоқсанында шығарылады. Ол алдыңғы S1 нұсқасына қарағанда жеңіл болғанымен, әлдеқайда берік. Сонымен қатар, жыл соңына дейін компания одан да жетілдірілген Walker S3 моделін таныстыруды жоспарлап отыр.
UBTech Robotics 2012 жылы құрылған және бүгінде Қытайдағы ең ірі робототехника компанияларының бірі саналады. 2024 жылдың қазан айында компания Walker S1 өнеркәсіптік роботтарын шығаруды бастаған болатын.