Home Техника Автокөліктер Электромобильдердің ақаулары Грециядағы жол қозғалысына қалай әсер етті?

Электромобильдердің ақаулары Грециядағы жол қозғалысына қалай әсер етті?

67

Грецияда Арахова демалыс орнының маңында бес шақырымдық кептеліс пайда болды. Оған себеп болған жағдай – төменгі температура әсерінен электромобильдерде туындаған техникалық ақаулар.

Қазан айының ортасында ел тұрғындары мереке күндерін Араховадағы танымал сауықтыру орталығына барып атап өтуді жөн көрген, бұл өз кезегінде тар жолда көлік тығынының пайда болуына әкелді.

Техникалық қиындықтар күннің екінші жартысында туындаған. Қысқы салқында көптеген электромобильдердің аккумуляторлары күтілгеннен әлдеқайда тез бітіп, келеңсіздік тудырды.

“Бұл аймақтағы төмен температуралардың әсерінен көптеген электромобильдер техникалық ақауларға ұшырап, тау шаңғысы саяжайынан кері қайтқан кезде тұрып қалды”, – деп хабарлады Греция полициясы.

Сондай-ақ, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аймақта қар жауғанына қарамастан көптеген көліктерде қардан сырғуға қарсы тізбек болмаған. Дегенмен, Греция полициясы кептелістің негізгі себебі ретінде электромобильдерге ерекше назар аударды.

Электромобильдер саласындағы сарапшы Энди Палмер, гибридті көліктердің өнеркәсіптің дамуында тоқырау әкелетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, ақыр соңында бәрібір адамдар толықтай электромобильдерге көшеді.