Home Технологиялар Инновациялар Қазақстанда күн энергиясын өндіретін ерекше цех ашылды

Қазақстанда күн энергиясын өндіретін ерекше цех ашылды

13

Қазақстандық ғалымдар тобы гетероструктуралық күн элементтеріне негізделген күн панельдерін шығаратын тәжірибелік-өндірістік цехты іске қосты. Бұл туралы «Құқықты Қазақстан» порталы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жоба Физика-техникалық институтының жетекшісі Николай Чучвагидің басқаруымен және ғылыми қордың қолдауымен жүзеге асырылды.

«Бұл — күн панельдерінің жаңа түрін шығаратын ерекше цех. Мұнда ғимараттардың қасбеттері мен терезелерінде пайдалануға болатын панельдер өндірілмек. Негізгі мақсатымыз — күн энергиясын әрбір адамға қолжетімді ету. Панельдердің дизайны тапсырыс берушінің қалауы бойынша өзгертіле алады. Бұл ғимараттың эстетикалық көрінісін сақтай отырып, панельдерді энергия өндіруге арналған архитектуралық элементтер ретінде үйлестіруге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Ғалымдардың айтуынша, бұл цехтың ашылуы еліміздегі күн энергетикасын дамытуға үлкен ықпал етіп, Қазақстанның тұрақты даму жолында жаңа мүмкіндіктер туғызады.