Танымал POCO бренді өз өнімдерін жаңа деңгейге көтеріп, POCO X7 сериясымен таныстырды. Бүгінгі таңда POCO X7 Pro және POCO X7 құрылғылары ерекше өнімділік пен батыл дизайнды біріктіру арқылы жаңа стандарттарды орнатып отыр.
POCO Global маркетинг бөлімінің басшысы Ангус Нг атап өткендей, “POCO X7 сериясы – жоғары технологияларды ерекше және әсерлі дизайнмен біріктірудің жаңа жолын көрсетеді. POCO X7 Pro флагмандық қуаты мен айқын, жарқын дизайнымен ерекшеленеді, ал POCO X7 көп функциялы мүмкіндіктерімен пайдаланушыларға барынша пайдалы шешімдер ұсынады.”
POCO X7 Pro флагмандық деңгейдегі Dimensity 8400-Ultra процессорының негізінде жұмыс істейді. Бұл процессор әлемдік нарықта X сериясындағы ең қуатты чипсет ретінде таныстырылды. Бұл технология алдыңғы қатарлы 4-нм TSMC өндіріс процессінде әзірленген және All-Big-Core дизайнына ие, Dimensity 8400-Ultra энергия тиімділігін 54% CPU және 70% GPU деңгейінде арттырып, алдыңғы буынмен салыстырғанда жасанды интеллект өнімділігін 50%-ға жақсартты.
POCO X7 Pro Xiaomi HyperOS 2 жүйесімен жабдықталған, ол интерфейс дизайнынан бастап негізгі жүйесіне дейін үлкен жаңартуды ұсынады. Сондай-ақ, POCO X7 Pro WildBoost Optimization 3.0 ойын жүйесімен ойындарды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. POCO X7 құрылғысы Dimensity 7300-Ultra платформасында жұмыс істейді және жоғары энергия тиімділігімен ерекшеленеді.
POCO X7 Pro және POCO X7 ең талапшыл пайдаланушылар үшін әзірленген және олар күні бойы өз уақытын жұмысқк арнай алады. POCO X7 Pro құрылғысы 6000 мА·сағ. аккумуляторымен жабдықталған және 14,5 сағат үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. HyperCharge 90 Вт қуатымен біріктірілген бұл құрылғы 0-ден 100% дейін бар болғаны 42 минутта қуатталады.
POCO X7 сериясы экранның озық технологияларын әсем дизайнмен және жоғары беріктікпен үйлестіреді. POCO X7 Pro және POCO X7 120 Гц жаңарту жиілігімен және 68 миллиард түсті қолдайтын 6,67 дюймдік AMOLED CrystalRes 1.5K дисплейімен жабдықталған, бұл керемет жарқын бейнелерді қамтамасыз етеді.
Экранды қорғауды жақсарту үшін POCO X7 Pro Corning® Gorilla® Glass 7i шынысымен жабдықталған, ол сызаттар мен құлауға төзімділікті екі есе арттырған. Ал POCO X7 Corning® Gorilla® Glass Victus® 2 шынысымен қорғалған, бұл құлауға 55%-ға дейін төзімділікті жақсартады.
POCO X7 сериясы мобильді фотосурет саласын жаңа деңгейге көтереді. POCO X7 Pro және POCO X7 негізгі камерамен жабдықталған: 50 Мп Sony IMX882 датчигі оптикалық тұрақтандыру қасиетіне ие(OIS), ол жарықтың 65%-ға көбірек өтуіне мүмкіндік береді, бұл әлсіз жарықта да айқын және жарқын суреттер түсіруге мүмкіндік береді. POCO X7 қосымша 2 Мп макрообъективін ұсынады.
Екі құрылғы да видеоны түсіруде жоғары сапаны қамтамасыз етеді, тез қозғалатын жағдайда да тұрақты жазбалар ұсынады. POCO X7 30 кадр/с жиілігімен 4K видеоны қолдайды, ал POCO X7 Pro 60 кадр/с жиілігімен 4K түсірілім мүмкіндігін ұсынады, бұл OIS және EIS қосарлы тұрақтандыруы арқасында әрбір бөлшекті дәл түсіреді.
POCO X7 Pro GenAI негізінде жұмыс істейді, ол күнделікті өнімділікті және шығармашылық мүмкіндіктерді жасанды интеллектімен басқарылатын ақылды құралдар арқылы арттырады.
POCO X7 үш түсте қолжетімді: күміс, жасыл және қара.
Өнімнің қолжетімділігі және аймақтық сатылымдар туралы қосымша ақпаратты mi.com ресми сайтынан таба аласыз.