Home Технологиялар Ғаламтор және желі Барлық сауда цифрландырылмақ

Барлық сауда цифрландырылмақ

9

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы барлық сауда қызметін цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеуді тапсырды. Соның ішінде базарлар мен үй жанындағы кішігірім дүкендерді де қамту көзделген.

“Электронды сауданы дамыту қажеттілігі туралы сөз қозғағанда, біз бөлшек сауданың цифрлық бейнесі болуы керек екенін және үй дүкендерінен басқа, базарларды да осы процеспен қамту қажет екенін меңзедік. Банктер цифрлық форматқа өтетіндер үшін айналым қаржысын жеңілдетіп, эквайринг комиссиясын төмендетуді жоспарлап отыр”, — деді Арман Шаққалиев.

Оның айтуынша, Алматыда базарларды сынақ режимінде цифрландыру жұмыстары басталған. Әсіресе, кәсіпкерлерге есептеу терминалдарын орнату міндеттелуде.

” Сатушыларды онлайн және офлайн форматта жұмыс істеуге тарту және ынталандыру қажет.Кем дегенде есептеу терминалы болу керек”, — деп қосты министр.

Ол қазан айында министрліктің 400 мыңнан астам бөлшек сауда компанияларының жұмысын талдағанын мәлімдеді. Нәтижелер онлайн сауданың барлық көрсеткіштер бойынша тиімдірек екенін көрсетті: компаниялар ірі әрі тұрақты, сатылымдар мен қызметкерлер саны көбірек.