Home Технологиялар VR мен AR ElevenLabs жаңа чат-ботпен подкаст жасау қызметін ұсынды

ElevenLabs жаңа чат-ботпен подкаст жасау қызметін ұсынды

16

Әлемге танымал жасанды интеллект (ЖИ) стартабы – ElevenLabs өз қолданушыларына жаңа мүмкіндіктерді ашатын GenFM функциясын таныстырды. Жаңа технологияның көмегімен екі жүргізуші қатысатын подкаст жасауға болады. Құрал 32 тілде жұмыс істейді, оның ішінде қазақ және орыс тілдері де бар. Қазіргі уақытта GenFM қызметі iOS және Android платформаларында тегін қолжетімді.

Компания өкілдері GenFM қызметін ұсынудағы басты мақсаттары ретінде клиенттермен қарым-қатынасты тиімді әрі жылдам жасау екенін атап өтті. «Жылдамдық пен сапа — бұл біздің негізгі басымдығымыз. GenFM — жасанды интеллектінің көмегімен процестерді жеңіл әрі жылдам орындауға мүмкіндік беретін шешім», — деді ElevenLabs зерттеу және әзірлеу департаментінің директоры А. Кульмагамбетов.

ЖИ негізінле жасалған подкастүзіндісін төменнен тыңдап көре аласыз:

GenFM арқылы пайдаланушылар мәтіндерді, PDF файлдарын, электронды кітаптарды және сыртқы сілтемелерді қолдана отырып подкасттар жасай алады. Құралды пайдалану үшін тек мәтінді енгізіп, немесе физикалық құжатты сканерлеу жеткілікті. Сонымен қатар, ЖИ автоматты түрде әр жүргізушінің дауысын таңдайды, ал олардың сөйлеген сөздеріне үзілістер мен үнсіздіктерді қосып,, подкасттың тыңдалымын жеңіл әрі қызықты етеді.

Бұл технология ақпаратты тыңдалымын бұрынғыдан да ыңғайлы әрі тартымды етуге мүмкіндік береді.