Home Кибербезопасность Сақ болыңыз! Алаяқтардың жаңа айласы

Сақ болыңыз! Алаяқтардың жаңа айласы

8

Соңғы аптада жаңа жүйе бойынша әрекет етіп жүрген алаяқтардың құрбандары көбейген. Бұл әдіс азаматтардың жинақ қаржыларын ұрлауға бағытталған және ол мобильді телефондар арқылы жүзеге асырылады. Ең алдымен , сіздің мессенджеріңізге таныс не таныс емес нөмірден «Суреттегі сен бе?» деген сұрақпен хабарлама келеді, және оған APK форматындағы құжат тіркелген.

Сақ болыңыз! Алаяқтардың жаңа айласы

Егер сізге жіберген файлды ашсаңыз, смартфоныңызға автоматты түрде қосымша орнатылады. Бұл қосымша арқылы алаяқтар сіздің құрылғыңызды қашықтықтан басқару мүмкіндігін алады. Олар ешқандай ескертусіз сіздің банк қосымшаларыңызға кіріп, барлық ақшаны ұрлап, сіздің атыңызға үлкен сомада несиелер рәсімдейді.

Ең бастысы, өзіңіздің қызығушылығыңызды жеңіп, ешқашан күмәнді файлды ашпаңыз. Егер аталмыш хабарламаны алсаңыз, дереу байланысқан нөмірді бұғаттаңыз.

Маңызды ақпарат! Суреттер ешқашан APK форматында болмайды. Алаяқтар өздерінің құрбандарын алдау үшін Android жүйесінде қосымша орнатуға арналған құжат түрін қолданады.

Егер құжатты қателесіп ашып қойсаңыз, дереу телефоныңызды авиа режиміне қойып, банк карталарыңызды бұғаттап, құрылғыңызды зауыттық баптаулар қалпына келтіріңіз. Бұл әдіс зиянды бағдарламадан арылудың бірден-бір жолы.

Назар аударыңыз! Аталмыш алдау тәсілі тек Android смартфондарын пайдаланушыларға арналған. Сондықтан бұл туралы жақындарыңызға айтып, оларды сақ болуға шақырыңыз.

Алаяқтар үнемі жаңа тәсілдер ойлап табуда, сондықтан әрдайым абай болыңыз.