Home Кибербезопасность Интернеттегі алаяқтық: Фишингтік сайттарды жасаудың жаңа әдістері

Интернеттегі алаяқтық: Фишингтік сайттарды жасаудың жаңа әдістері

9

Интернет алаяқтар фишингтік сайттарды жаппай құру үшін арнайы бағдарламалар қолдануда. Бұл сайттар өзгелердің парақшаларына қол жеткізу мақсатымен танымал онлайн сервистер мен мессенджерлерді негізге ала отырып істелген.

«Коммерсант» басылымы F.A.C.C.T. киберқұқық қорғаушы компаниясына сілтеме жасай отырып, алаяқтар тарапынан фишингтік сайттарды автоматты түрде жасауға арналған алты арнайы жүйе табылғанын мәлімдеді. Олардың тек біреуі арқылы 900-ден астам фишингтік сайт жасалған.

Киберқылмыскерлер алдымен домен сатып алады, оны веб-панельге қосып, арнайы дайын үлгілерді пайдаланып фишингтік сайт құрады. Кейіннен, алаяқтар өз құрбандарына жалған сілтемелерді жібереді, ал сол сайтқа кіру арқылы желі пайдаланушыларының жеке мәліметтері ұрланады.
F.A.C.C.T. компаниясының сарапшылары атап өткендей, мұндай арнайы бағдарламалық құралдар алаяқтарға қаржылық және уақыт жағынан шығындарды азайтуға мүмкіндік