Home Интернет и сеть АҚШ үкіметі C және C++ бағдарламалау тілдерінен бас тартуды ұсынды

АҚШ үкіметі C және C++ бағдарламалау тілдерінен бас тартуды ұсынды

23

АҚШ үкіметі бағдарламалау тілдеріне қатысты жаңа ұсыныс білдірді. 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін бағдарламалаушылар C және C++ тілдерінен бас тартуға міндеттелуі мүмкін. Бұл шешімге АҚШ-тың Киберқауіпсіздік агенттігі мен ФБР өкілдері деректердің жиі тарап кетуі салдарынан осы тілдердің қауіпсіз емес екендігін айтып, негізделді.

Киберқауіпсіздік агенттігі мен ФБР өкілдері C және C++ тілдерінен бас тартуды және ұлттық цифрлық технологияларға қатысты бағдарламалық қамтамасыз ету кезінде қауіпсіз балама тілдерді пайдалануды ұсынды.

Киберқауіпсіздік агенттігі мен ФБР әзірлеушілерге Python, Java, C#, Go, Delphi/Object Pascal, Swift, Ruby, Rust және Ada секілді қауіпсіз деп танылған бағдарламалау тілдерін қолдануға кеңес береді.

2026 жылдың басына дейін бағдарламалаушылар осы ұсынысқа сәйкес, өздерінің өнімдерін қауіпсіз тілдерге көшіру жоспарын жасап, барлық маңызды код бөліктеріндегі қауіпсіздік осалдықтары туралы есеп ұсынуға міндетті болады.

Бұл қадам АҚШ билігінің ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға және деректерді қорғауға бағытталған маңызды шараларының бірі.