Home Кәсіби маман Ресейде Ту-144 аса жылдам жолаушылар ұшағын қалпына келтіру жоспарлануда

Ресейде Ту-144 аса жылдам жолаушылар ұшағын қалпына келтіру жоспарлануда

54

Ту-144 пен «Конкорд» бір кездері бәсекелес болған.

Ресейдің вице-премьері Виталий Савельев «Знание. Первые» білім беру марафоны аясында, Ресейдің авиация саласында аса жылдам жолаушылар ұшағын әзірлеу жақын арада шындыққа айналуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Ту-144 пен «Конкорд» өз уақытынан озық технологиялар еді, бірақ біз бұл салаға қайта ораламыз. Бұл бағыттың болашағы зор. Әрине, Шығысқа 8-9 сағат ұшу қолайсыз – бұл тым көп уақытты алады. Сондықтан, жақын арада бұл технология қайта жанданатынына сенімдімін, және біз оның куәсі боламыз», — деді Виталий Савельев.

«Туполев» ААҚ бас директоры Константин Тимофеев аталған мәселеге қатысты пікір білдіріп, компания «Ту-144» ұшағын қайта қалпына келтіріп, оны ұшатын зертхана ретінде қолдануды жоспарлап отырғандарын айтты.

«КАИ студенттері «Ту-144 ұшағын қайтадан ұшыру жоспарда бар ма?» деген сауал қойған еді. Техникалық тұрғыдан бұл мүмкін. «Жуковскийдегі біздің базада осындай бір ұшақ бар, әрі ол жақсы күйде сақталған. Оның ұшу жарамдылығын қалпына келтіру елімізде аса жылдам әуе қатынасын қайта жандандырудың алғашқы қадамы болар еді», – деп жазды Константин Тимофеев өзінің Telegram-каналында.

Компания басшысы қазіргі кезде «Туполев» компаниясының басты міндеті Ту-214 ұшағының өндірісін бастау екенін, бірақ болашақта Ту-144 ұшағын зертханалық мақсатта қолдану Ресейдің азаматтық авиациясын дамытуда үлкен үлес қосуы мүмкін екенін атап өтті.