Home Интернет и сеть «Телеграм» мессенджері Қазақстанда өз кеңсессін ашпақ

«Телеграм» мессенджері Қазақстанда өз кеңсессін ашпақ

39

«Телеграм» мессенджері Қазақстанда  өз кеңсессін ашпақ. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

«Біз «Телеграммен» өкіл тағайындау және кеңсе ашу жөнінде келісімге келдік. Бұл контентті бақылауды арттыру үшін маңызды қадам», — деді ол.

Мадиев Қазақстан заңнамасына сәйкес, барлық интернет-платформалардың мессенджерлері республикада өкілдік етуі тиіс екенін еске салды.

Министр мемлекеттік органдар «Телеграммен» бірлесіп, заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бүғаттау үшін қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, бөлім  халықаралық серіктестермен бірге қазақстандықтардың цифрлық платформалардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді инфрақұрылымды құруды жалғастырады.