Home Техника Автокөліктер Цифрландыру: Қазақстанда жүргізуші куәлигін алу емтиханын тапсыру тәртібі узгереді!

Цифрландыру: Қазақстанда жүргізуші куәлигін алу емтиханын тапсыру тәртібі узгереді!

80

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсырудың жаңа тәртібі енгізілуде. Енді жүргізуші куәлігін алу үшін екі факторлы аутентификациядан өту қажет, деп “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Екі факторлы аутентификация – бұл адамның жеке басын растау әдісі. Мұнда жеке басын екі түрлі тәсілмен растау керек: біріншісі – SMS арқылы, екіншісі – биометриялық идентификация.

Тестілеудің алдында кандидат электрондық цифрлық қолтаңбамен авторизациялануы тиіс. Содан кейін, қызмет алушы 1414 нөмірінен жеке деректеріне қол жеткізу туралы SMS хат алады. SMS электронды үкімет порталының жеке кабинетінде тіркелген  телефон нөмірге жіберіледі.

Сәтті тіркеуден кейін кандидат биометриялық идентификациядан өтуі керек.

Мекеме жаңа ережелердің басты себебін түсіндірді.

“Күн сайын алаяқтар жаңа алдау тәсілдерін ойлап табады. Біздің қызметкерлер заң бұзушылықтарды анықтау бойынша біршама жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация қызметтерді үнемі жетілдірумен айналысады. Екі факторлы аутентификация емтихандағы алаяқтықты азайтуға көмектеседі. Бұл ретте, жеке тұлғаның  деректері сенімді қорғалады,” – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Жаңа тәртіп 11 қазаннан бастап енгізілді, бірақ бұл үрдіс әзірге тек Астанада іске аспақ. Елдегі барлық арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында екі факторлы аутентификацияны енгізу процесі биылғы жылдың соңына дейін аяқталмақ.