Home Және басқа ақпараттар Балаларға арналған Қазақстандық заманауи мектеп қандай болу керек?

Қазақстандық заманауи мектеп қандай болу керек?

65

А.Байтұрсынов атындағы мектепте арт-классы, телестудиялар мен STEM-зертханалары ашылды.Заречный ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы мектеп заманауи жабдықтармен толықтырылды.

Бұл жаңалық “Қазақстан Халқына” қорының арқасында жүзеге асты.

Ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали қатысып, қор өкілдеріне мектепті жаңартқандары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, облыстың жергілікті атқарушы органдары қордың басқа жобаларын іске асыруға көмектесетінін атап өтті.

Қазақстандық заманауи мектеп қандай болу керек?

Мектепте физика, биология, химия, робототехника және STEM- зертханалары үшін 25 кабинет жабдықталды. Бағдарламаның мақсаты — ауыл мектептерінде аталмыш пәндерге қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар, бұл мектептің құрылғыларына жалпы білім беретін мектептер де қол жеткізу мүмкідігіне ие.

Бұл — “Ауыл мектептерін дамыту” қайырымдылық бағдарламасының арқасында Қостанай облысындағы жаңарған мектептердің бірі ғана. Осы бағдарлама аясында облыста «әр ауданнан бір мектеп» қағидасымен 12 мектеп қаржыландырылды. Келесі жылы барлық ауданды қамту жоспарланған.

Қазақстандық заманауи мектеп қандай болу керек?

Заречный ауылындағы мектепте енді өз телестудиясы, арт-студиясы, смарт-кабинеті, инновациялық жабдықтары және заманауи компьютерлік техникасы бар. Тіпті, кейбір жабдықтар Еуропадан жеткізілген. Технология кабинетінде лазерлік құрылғылар, ал STEM-лабораториясында 15 миллион теңгеден асатын лазерлік принтер орнатылған.

Қазақстандық заманауи мектеп қандай болу керек?

— Биыл мектеп толық жаңартылды, және бұған қордың арқасында қол жеткізе алдық, — деді А.Байтұрсынов атындағы мектеп директоры Көпжасар Қажымұқанов. — Қаржыландырудың арқасында ауыл мектептері қалалық мектептермен тең дәрежелі болуға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта мектеп 100% жабдықталған. Құрылғылардан бөлек, жиһаздарды да сатып алдық. Негізгі назар математика пәндеріне аударылған. Бос уақытында балалар үшін дәлізде шахмат, шашки және тоғызқұмалақ ойынына арналған бұрыштар жабдықталған. Біз бұл мүмкіндікті пайдаланғанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің оқушыларымыздың білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Балалардың мектепке деген қызығушылығы артып, педагогтардың білім беруге деген ынтасы күшейді.