Home Кибербезопасность Сақ болыңыз,алаяқтардың жаңа тәсілі!

Сақ болыңыз,алаяқтардың жаңа тәсілі!

68

Алаяқтар жаңа алдау тәсілін ойлап тапты. Олар сізге хабарласып, белгілі бір қосымшаларды орнатуды сұрайды. Нәтижесінде ,олар тек ақша ұрлап қана қоймай, сонымен қатар сіздің атыңызға несие рәсімдеуі мүмкін.Бұл алдау тәсілі жайлы Ұлттық банк ескертті.

Жүйе былай жұмыс істейді:
1.Сізге қоңырау шалып, мобильді оператор немесе қала қызметтерінің қызметкері екенін айтады. Олар не үшін хабарласады? Олар SIM-картаның мерзімі аяқталып қалғанын және оны ауыстыру қажет екенін айтады.

  • Қоңырау шалушы қызметті ұзартуды немесе онлайн кезекке тұруды ұсынады.

3.Сонымен қатар, алаяқ сізге «сәлден соң телефонға келетін» хабарламаны жіберуді сұрайды. Нәтижесінде, адам қауіпті сілтеме бойынша өтеді. Алаяқтар жәбірленушінің құрылғысына қол жеткізіп, ақша ұрлап, SIM-картаның виртуалдық дубликатын қосады.
Албұл алаяқтықтың тек басы ғана!

4.Кейін жәбірленушілерге қайтадан қоңырау шалады — бұл жолы олар өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырады. Олар банктік қосымшаларды орнатуды ұсынып, жәбірленуші атына несие рәсімдейді. Бұған дәлел ретінде олар «липу» — жалған НБРК куәліктері, жалған хаттар және т.б. жібереді.

Таныс емес адамның сұрауы бойынша келесі қосымшаларды жүтеуге болмайды:
HopToDes

RustDesk

RUDesktop

AnyDesk

TeamViewer және басқалары.

Айта кетейік,мамандар халықты сақ болуға шақырады.