Ойын мен жұмыстың керемет үйлесімі. ASUS ROG Zephyrus G16 шолуы.
Егер геймерлерден ROG туралы сұрасаңыз, бірі ноутбуктің әрқашан жеңіске жетуге көмектесетін қасиетін атап өтсе, екіншісі: оның өз ақшасына тұрарлы екенін айтып,өз пікірін білдіреді. Ал,енді басқасы аталмыш пікірлермен келісетінін айтады.
ROG құрылғыларының басты мақсаты – тұтынушыларына қажеттінің бәрін артық әбігерсіз ұсыну. Олардың ноутбуктары мен басқа да гаджеттері мінсіз жұмыс істеу үшін жасалған. Ең маңыздысы – ROG қауымдастығы бұл ноутбуктерді тек қолданбайды, олармен өмір сүреді. Бұл техникада ешқандай ымыраға келмейтін, ноутбук кез келген сынақтан өтетініне сенімді болғысы келетін жандар.
Ойын ноутбуктарының әлемінде екі мәселе бар: бірі – үлкен әрі ауыр, ал екіншісі – ықшам, бірақ қуаты әлсіз. ASUS бұл шектен шығуды тоқтатып, жаңа шешім тапты. Олардың ұраны – «In Search of Incredible» («Жаңалықты іздеу»), және олар екі жақтың ең жақсы қасиеттерін біріктірді. Осылайша, 2024 жылғы ROG Zephyrus G16 (AMD) пайда болды – бұл ноутбук қуатты әрі жеңіл бола алатынын көрсетеді..
Дизайн жайлы
Көптеген адамдар “қуат үшін құрбандық жасау керек” деп ойлап, көлемді ноутбуктарды таңдайды, ал Zephyrus G16 бұл пікірдің қате екенін дәлелдеді. Алдыңғы модельмен салыстырғанда жұқа болса да, бірақ қуаты жағынан еш қалыспайды. Ноутбуктің бұл түрі еш артық салмақсыз әрі қызып кетпей ойындарды ультра параметрлерде ойнауға, бейнемонтаж жасауға және бағдарламалау жұмысын атқара алады.
ROG Zephyrus G16 – бұл қуат пен ықшамдылықты тамаша үйлестіретін ноутбук.Салмағы –1,85 кг , оны кафе немесе жиі көшіп жүргенде де өзімен алып жүрген ыңғайлы. Ал 1,49 см қалыңдығы – осындай қуатты құрылғы үшін рекордтық көрсеткіш.
Маған ең ұнайтыны – жинақталу сапасы. Қаптамасы алюминий қорытпасынан жасалған, және бұл арқылы шын мәнінде ноутбуктің жоғары сапалы екенін сезесің. Эстетикалық тұрғыдан ләззат сыйлап қана қоймай,өз беріктігіне кепіл береді.
Қаптамасы CNC-алюминий болғандықтан ноутбукқа премиум көрініс беріп, қосымша қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл құрылғы тек ойын кезінде ғана емес, сонымен қатар мобильді өмірде де сенімді серік бола алады. Тұтынушылар екі түстің арасында таңдау жасай алады. ұстанымдылықты ұнататындар үшін-Eclipse Gray және заманауи реңқосатын- Platinum White түсі
Қақпағында “Slash Lighting” деп аталатын ерекше LED-бөлім орналасқан. Бұл тек сәндік элемент қана емес; сондай-ақ жарықты, хабарламаларды және басқа “ерекшеліктерді” баптап, ноутбукты өзіңізге тән ете алады. Егер ноутбуктің ойынмен бірге жарқырауын қаласаңыз, мәселе жоқ,бұл мүмкіндікке қол жеткізуге көмектеседі. Ал егер қарапайым әрі ұстанымды стиль керек болса, жарықты сөндіруге болады.
Ең маңыздысы
OLED экран ROG Nebula – мен үшін ноутбуктегі ең басты артықшылықтары. ROG Zephyrus G16 2024 экраны – бұл ноутбукты ойын модельдері арасында және графикамен жұмыс істейтін мамандар үшін ерекше етеді. ASUS заманауи дисплей технологияларына көңіл бөліп, нарықтағы ең жақсы шешімдерді таңдап, геймерлер мен шығармашылық пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыруға тырысады.
Назар аударарлық ойын экраны
Енді геймерлер үшін маңызды затты қарастырайық. Zephyrus G16 экраны – 2.5K (2560 x 1600) рұқсатпен және 240 Гц жаңарту жиілігімен 16 дюймдік OLED экраны. Бұл дисплей жоғары жылдамдықты реакция мен суреттің тегістігі маңызды ойындар үшін тамаша. Бұл экран жоғары жылдамдықты реакция мен суреттің тегістігі маңызды ойындар үшін өте қолайлы. Көптеген ноутбуктерде жақсы дисплей болса да, ең жоғары жаңарту жиілігі 144 Гц-қа дейін жетеді.Ал,Zephyrus G16 144 Гц-тан да жоғары жаңарту жиілігін береді, әрбір бөлік пен қозғалысты уақытында сезінуге мүмкіндік туғызады.
Жоғары жаңарту жиілігінен басқа, маңызды параметр – жауап беру уақыты. Zephyrus G16-да небәрі 0,2 мс . Бұл нарықтағы ең жақсы шешімдердің бірі, өйткені ойыншылар үшін жылдам қозғалыста сурет бұлыңғырланбайды. Экранда қозғалмалы объектілерден іздер қалмайды. Оындағы жағдайды бұлыңғыр суретсіз нақты көруге мүмкіндік аласың. Бәсекелестерінен артықшылығы-ойындағы реакциялар дәл әрі жылдам. Егер ойындарда миллисекундтар маңызды болса, мұндай экран тәжірибені жақсартып, ойын нәтижесіге тікелей әсер етеді.
Шығармашыл адамдар үшін түс дәлдігі
Дегенмен, бұл экран тек геймерлерге ғана емес,дизайнерлер, фотографтар, видеооператорлар және басқа да шығармашылық мамандарға да пайдалы болмақ.Олар Zephyrus G16-да түрлі түстермен жұмыс істеуге қажетті құралын таба алады. Дисплей DCI-P3 түс кеңістігінің 100%-ын қамтиды, бұл түстердің дәлдігін қамтамасыз етеді.
DCI-P3 түс кеңістігінің sRGB-дан ,қарағанда кеңірек түстерді қамтиды. Бұл видео мен фото жұмыс істейтіндер үшін аса маңызды. Zephyrus G16 экраны контент жасаушылардың ойлағанындай барлық реңктерді көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл стандарт киноиндустриясында қолданылады, сондықтан Zephyrus G16 экраны барлық реңктерді контент жасаушылар ойлағандай дәл көрсетеді. Мұндай деңгейдегі визуализация түс түзетуді, реңктер мен қанықтылықтың нәзік өзгерістерін сенімді түрде өңдеуге мүмкіндік береді, бұл кәсіби жобалар үшін өте маңызды.
Бұдан бөлек, экран Pantone Validated стандарты бойынша сертификатталған, бұл дисплейлердің зауытта алдын ала дәлденетінін және бастапқыдан-ақ түстердің дәлдігіне кепілдік береді. Кәсіби мамандар өз жұмысының дәлдікпен көрсетілетініне сенімді бола алады. Бұл әсіресе дизайнерлер үшін маңызды, себебі экранда көргендері баспа материалдарына немесе дайын өнімге дәл сәйкес келуі керек.
HDR және контраст: шынайы қара түс
Zephyrus G16 экраны VESA DisplayHDR True Black 500 технологиясын қолдайды, бұл HDR-контентпен жұмыс істеуде маңызды элемент. HDR туралы айтқанда, экранда тек жарқын сәттерді көрсету ғана емес, сонымен қатар қараңғы сценаларды шынайы терең және детальді етіп көрсету де маңызды. True Black 500 стандарты жарық және қара реңктерді дәл көрсету мен жоғары контрастылықты қамтамасыз етеді.
Экрандағы контраст 1 000 000:1 жетеді. Бұл OLED дисплейдегі қара түс шын мәнінде дәстүрлі ЖК панельдерінде жиі кездесетіндей сұр емес,қара болып көрінеді. OLED технологиясының ерекшелігі бойынша, экранның әр пикселі тәуелсіз жарықтандырылады, ал пиксель сөнгенде, ол шынымен де “сөнген” қара болады. Ойындарда, әсіресе қараңғы сахналар мен түнгі эпизодтарда, бұл қосымша тереңдік пен атмосфера береді.
Фильмдер көріп немесе HDR контентті өңдейтіндер үшін бұл экран нағыз қазына іспеттес. Ол Dolby Vision-ды қолдайды, бұл суреттің шынайылығын арттырады. Мұндай фильмдер мен сериалдарда HDR картинаны жарқын әрі контрастты етеді, ең кішкентай детальдарды көрсетіп, кадрдың тереңдігін айқындайды.
Экранның тегіс көрсетілуі және ойындардың болашағы
Динамикалық ойындар, мысалы, атыс пен жарыс ойындарын ойнайтын геймерлер NVIDIA G-SYNC технологиясын жоғары бағалайды. Бұл технология экранның жаңару жиілігін видеокартаның кадр жиілігімен сәйкес келеді. Нәтижесінде, кескіннің жыртылуы жойылады, ал сурет ең қарқынды сахналарда да тегіс көрінеді. Бұл ойын үрдісін , әсіресе графика жоғары деңгейде болса, және видеокарта кадр жиілігін өзгерткенде айтарлықтай жақсартады.
Энергия тиімділігі мен экранның тұрақтылығы
Атыс немесе жарыстар секілді ойындарды ойнайтын геймерлер NVIDIA G-SYNC технологиясының қолдауын жоғары бағалайды. Бұл технология экранның жаңарту жиілігін видеокартаның кадр жиілігімен сәйкес келеді, кескіннің жыртылуын жояды және ең интенсивті сценаларда да тегіс бейнені қамтамасыз етеді. Бұл ойын процесін айтарлықтай жақсартады, әсіресе графиканың жоғары параметрлерінде ойнағанда және видеокарта айнымалы кадр жиілігін көрсеткенде.
Zephyrus G16 экранының ойынға арналған артықшылықтарымен қатар, ол энергия тиімділігін жақсы сақтайды. OLED технологиясы мен жетілдірілген жарықтық реттеу алгоритмдерінің арқасында, энергия шығыны дәстүрлі дисплейлермен салыстырғанда аз. Бұл батареяның ұзақ уақыт жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Әсіресе, жұмыс істеп немесе жолда ойнап жүргенде, электр қуатына үнемі қосыла алмайтындар үшін өте пайдалы.
Бейне мен фотомен жұмыс істейтіндер үшін тек түс дәлдігі ғана емес, сонымен қатар экранның ұзақ уақыт бойы тұрақтылығы да маңызды. Zephyrus G16-да пиксельдердің күйіп кетуінен қорғау функциясы бар. Pixel Refresh технологиясының арқасында ноутбук белгілі бір уақыт аралығында пиксельдерді «қайта жүктеу» қызметін іске қосады, бұл экранның қызмет мерзімін ұзартып, статикалық кескінді көп сағат бойы пайдаланғаннан кейін де түстердің жарқындығын сақтауға көмектеседі.
Бұл функция ұзақ уақыт бойы бірдей контент тұтынатындар үшін пайдалы. Мысалы, видео өңдеу бағдарламаларында интерфейс көп уақыт бір жерде қалады. Пиксельдердің күйіп кетуіне жол бермей,Pixel Shift технологиясы кескінді көзге байқалмайтындай етіп бірнеше пиксельге жылжытады.
Бағдарлу жайлы
Дегенмен, Zephyrus G16-ны алғаш рет пайдаланатындар кейбір жағдайларға тап болуы мүмкін.
Біріншіден, бағыттау пернелері мен F1-F12 пернелері өте ықшам және жұқа, сондықтан аздап үйренуді қажет етеді. Үлкен пернелерді қолданып үйренгендер үшін кейбір қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ уақыт өте келе ыңғайсыздық тудырмайды. Сонымен қатар, пернетақтада Insert және Print Screen пернелері жоқ, бұл кейбір пайдаланушылар, әсіресе осы функцияларды жиі қолданатындар үшін күтпеген жағдай болуы мүмкін.
Екіншіден, жиі қолданылатын пернелер – Ctrl, Shift, Backspace және Enter – едәуір үлкен, бұл оларды пайдалануды жеңілдетеді. Олар оңай табылып, мәтін енгізу, ойын ойнау немесе бағдарламалау кезінде талаптарды жылдам әрі дәл енгізуге мүмкіндік береді.
Пернетақта 1,7 мм тереңдікпен жабдықталған, бұл ұзақ мәтін тергенде жайлылықты қамтамасыз етеді. Маңыздысы — пернелер жолдың жартысында іске қосылады, бұл басу жылдамдығын арттырады. Бұл мәтінді тез теру мен ойын кезінде, әрбір миллисекунд маңызды болған сәттерде өте пайдалы.
Өндіруші кез келген сандағы перне қосындысын қолдайтынын айтады — бұл ойынсүйерлер үшін маңызды, себебі барлық басқыштар бірден және дәл тіркеледі. Сонымен қатар, пернелердің қызмет ету мерзімі 20 миллион рет басуға дейін есептелген, яғни пернетақта ұзақ уақытқа шыдайды және жиі қолдануға төзімді.
Сондай-ақ, ROG Zephyrus G16 пернетақтасы жарықтандырумен жабдықталған. Модельге байланысты, ноутбукта бір аймақты RGB-жарықтандыру немесе үш деңгейлі жарықтықпен ақ жарық болуы мүмкін. Бұл пернетақтаны көңіл-күйіңізге немесе жарық жағдайына қарай ыңғайлауға мүмкіндік береді — күндізгі жұмыс кезінде де, түнгі ойындарда да қолайлы.
Сенсорлы панель де жақсарды. Ол үлкейіп, енді бағдарлау қызметіне көбірек орын ұсынады, бұл әсіресе үлкен экрандар мен қосымшалармен жұмыс істегенде ыңғайлы. Тачпадтың тегіс беті курсорды тез әрі дәл басқаруға мүмкіндік береді, ал басқандағы сезім, жоғары сапалы құрылғыны еске түсіреді.
Желдету жүйесі
Егер ноутбук максималды қуатта жұмыс істеп жатса – ойын ойнап немесе қуатты көп қажет ететін бағдарламамен жұмыс істеп отырсаң, компьютердің шу шығаруы мүмкін. Бірақ ROG Zephyrus G16-да бәрі басқаша,
себебі оның ақылды желдету жүйесі бар. Мұнда үш желдеткіш өте жұқа жапқыштары бар, олар шуды азайту үшін жұмыс істейді.
ASUS ROG Zephyrus G16-ның салқындату жүйесі заманауи технологиялардың арқасында құрылғыны өнімді әрі тыныш етеді. Бұл жүйе тұрақты температураны ұстап тұрумен қатар, ойын ойнау немесе қуатты графикалық бағдарламалармен жұмыс істегенде жайлылықты қамтамасыз ету үшін көптеген жаңа шешімдерді қолданады.
Салқындату жүйесінде үш Arc Flow желдеткіші басты рөл атқарады. Әр желдеткіш 84 жапқышпен жабдықталған, олардың қалыңдығы небәрі 0,1 мм. Бұл жапқыштар ауа ағынының турбуленттілігін азайтып, салқындату жүйесінің шуды төмендетуге көмектеседі. Нәтижесінде, ноутбук жоғары жүктемеде жұмыс істегенде де, жалықтырмайтын тыныш дыбыс шығарады.
Мені қызықтыратыны, процессорға арналған термоинтерфейс ретінде сұйық металды қолдануы. Сұйық металл дәстүрлі термопастамен салыстырғанда жылуды әлдеқайда жақсы өткізеді, бұл процессордың төмен температурада жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Аталмыш қасиет әсіресе ұзақ ойын кезінде немесе графикамен және бейнемен жұмыс істегенде қызудың алдын алады және жүйенің жалпы өнімділігін жақсартады.
ASUS инженерлері бір деңгейде тоқтап қалған жоқ – олар құрылғының жұмыс жағдайларына автоматты түрде бейімделетін жүйені енгізді. “Ауыр” ойындар немесе қосымшалар іске қосылғанда, желдеткіштер өз қуатын арттырады, ал қарапайым жұмыс немесе бейне көру кезінде салқындату жүйесі тыныш жұмыс істейді.
Техникалық сипаттамалар, бенчмарк тесттері, AAA ойындары, қосымшалар мен энергия тұтынуы туралы…
Барлық бенчмарк, ойын және утилиталардың суреттері төменде келтіріледі, ал қазір жүйенің негізгі компоненттері туралы…
Процессордан бастайық. Zephyrus G16 2024 жылы AMD Ryzen AI 9 HX 370 орнатылған. Бұл процессор Zen 5 архитектурасының жаңа буынына жатады және нарықтағы ең қуатты мобильді процессорлардың бірі. Оның 12 ядросы мен 24 ағыны бар, бұл көп тапсырмаларды орындау, деректерді өңдеу, видео рендерлеу және жоғары баптауларда ойын ойнау үшін өте тиімді. Процессордың такталық жиілігі 5,1 ГГц-қа дейін жетеді, бұл оны ойындар мен кәсіби міндеттер, мысалы, видео өңдеу немесе 3D-модельдеу үшін тамаша таңдау етеді.
Нейрондық процессор AMD Ryzen AI XDNA 2-ді ерекше атап өткен жөн. Ол процессорға секундына 50 тераоперация (TOPS) орындауға мүмкіндік береді. Бұл компонент ИИ-мен жұмыс істейтін қосымшалар үшін арнайы жасалған, ол нейросеталар мен автоматтандыру құралдарымен жұмыс істеуді жеделдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Windows пайдаланушылары үшін Windows Copilot қолдауы бар, ол ИИ-дің күшін пайдаланып, жүйемен өзара әрекеттесуді жақсартады.
Алайда графикалық есептеулерде негізгі рөлді NVIDIA GeForce RTX™ 4070 видеокартасы атқарады, оның өнімділігі 321 TOPS және термопакеті 105 Вт. Ол ең талапшыл ойындармен қатар, ИИ-мен жұмыс істейтін қосымшаларға да оңтайландырылған. 40-сериялы видеокарталар ойындар мен графикамен жұмыс істеу үшін тамаша мүмкіндіктер ұсынады.
DLSS 3 жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалана отырып, кадр жиілігін (FPS) және кескіннің детализациясын арттырады, 500-ден астам ойындарда FPS-ті екі есе көбейтіп, Cyberpunk 2077 немесе Fortnite секілді ойындардағы өнімділікті жақсартады. Бұл технология максималды графикалық параметрлер мен ойынның тегістігін қалайтын геймерлер үшін өте пайдалы.
Reflex процессор мен видеокарта арасындағы кешігу уақытын азайтуға көмектеседі, бұл әсіресе жарыс ойындарында маңызды, өйткені әр миллисекунд жарыстың нәтижесін әсер етуі мүмкін. Reflex Dota 2, Counter-Strike 2 және Fortnite сияқты ойындарда қолданылады.
GeForce RTX 4070 тек ойындарды тамаша әдемі және тегіс етіп қана қоймай, Adobe Firefly сияқты генеративті ЖИ қосымшаларының жұмысын да жеделдетеді. Бұл деректерді өңдеу, графика жасау және видео жұмыстарына уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Blender, Adobe Premiere Pro және Photoshop сияқты 120-дан астам қосымша ЖИ және сәуленің трассировкасын пайдалану арқылы жеделдетуді қолдайды.
Фото және видео саласында жұмыс істейтін шығармашылық мамандар үшін мұндай өнімділік рендерингті, визуалдық эффектілерді құруды және біркелкі тапсырмаларды автоматтандыруды жеделдетеді. ИИ күнделікті жұмыстарға уақыт үнемдеуге көмектесіп, шығармашылық ойларға және оларды жүзеге асыруға назар аударуға мүмкіндік береді. ROG Zephyrus G16-дағы жергілікті ЖИ-ның жалпы өнімділігі 402 TOPS-қа жетеді, бұл оны ЖИ, бағдарламалар және ойындармен жұмыс істеу үшін қуатты құрал етеді.
Қорытынды
Егер сен қуатты әрі жеңіл ноутбук іздесең, ROG Zephyrus G16 – тамаша таңдау. RTX 4070 және Ryzen AI 9 HX 370 процессорымен жабдықталған ойын ноутбугы үшін оның салмағы 1,85 кг – нағыз табыс. Сөмкеде ол сезілмейді, бірақ кез келген заманауи ойындарды жоғары баптауларда іске қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ИИ бар процессор күнделікті тапсырмаларды, мысалы, видео өңдеу немесе көп тапсырмамен жұмыс істеуді жылдамдатуға көмектеседі.
Экран – мүлдем бөлек әңгіме. 16 дюйм, OLED, 240 Гц – шутерлер мен динамикалық ойындар үшін мінсіз. DCI-P3 және DisplayHDR True Black стандарттарын қолдауының арқасында кез келген жарқын көріністер немесе фильмдердегі қараңғы сәттер барынша реалистік көрінеді. Дизайнерлер үшін Pantone сертификаты да бар. Барлығы ыңғайлылықтан айырылмайсың. Ноутбукта USB4, HDMI 2.1, SD-карталарға арналған слот сияқты көптеген порттар бар – бұл барлық перифериялық құрылғылар үшін толық жинақ.