Home Құлаққап Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

8

Бұл мақала өлең тыңдағанды ұнататын және қазірдің өзінде құлағында құлаққабы бар адамдарға арналады. Бүгін біз сіздерге ең қызық әрі ерекше танымал гаджеттердің таңдауын ұсынамыз.

Байламалы құлаққап

Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

Басқаларынан басты айырмашылығы — басыңызға байланатын жұмсақ белдігі бар. Мұндай құлаққаптармен ұйықтауға да, спортпен шұғылдануға да болады. Бұндай пішін жатқан кезде толық еркіндік береді: басыңызды бұруға да, бүйіріңізбен жатып көруге де болады. Спортпен айналысқанда құлаққапттеріге зиян келтірмейді, түспейді және шашты жинақы сақтауға көмектеседі.

OtterBox H2O Audio Waterproof Headphones

Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

Егер сіз су астына сүңгуге қызығатын немесе жуыну кезінде өлең тыңдағанды ұнататын болсаңыз, су өткізбейтін OtterBox құлаққаптарын арнайы сіз үшін ұсынамыз Дауысты қосатын силиконды бөлігі мойныңызға мықтап орналасады, ал резеңке жапқыштар әсем әуенді құлақтарыңызға таза жеткізуге мүмкіндік береді.

HUAWEI FreeClip

Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

Өте сәнді қысқыш тәрізді құлаққаптар — бұл тек құлаққап қана емес, сонымен қатар сәнді аксессуар. Оның қуаты 8 сағатқа дейін жетеді. Сонымен қатар, сол жақ пен оң жақ құлаққап деп анықтау қажет болмайды. Артықшылығы – оларды ғана құлаққа салған кезде, жүйе өздігінен қосылады. Құлаққап сіздің жаныңызда отырған адамдар сіздің құлағыңыздағы әуенді естімейтіндей жасалған — барлық дыбыс тікелей құлақ арнасына бағытталады.

Bluez 2S

Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

Құлаққаптар спорт әлемінде де танымалдыққа ие болды. Себебі олар қауіпсіздік жағынан ерекшеленеді және осындай дыбыс қабылдау жүйесі сыртқы шуды естуге мүмкіндік береді: иттердің үргені, машиналардың дыбыстары, сондай-ақ смартфонды қолданбай-ақ телефонмен сөйлесуге мүмкіндік береді.

Razer Kitty Edition V2 Pro Black құлаққаптары

Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

Тағы бір құлаққаптың үлгісі — мұнда үш жұп құлақшалары бар және оларды ауыстыруға болады. Құлаққап мысықтың,аю мен қоянның пішінде жасалған. Құлақшалар тіпті жарқырайды! Бұл құлаққапты ойын мақсатында да қолдануға болады — оларда шудың дыбысын басатын батырма мен сөзді анық жеткізетін ішкі микрофон бар. Қажет болмаса, оны құлаққаптан шешуге болады.

Nebula Gaming TWS Sirius

Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

Сымсыз TWS Sirius құлаққап үлгісі киберпанк стилінде ойластырылған.Сыртқы әлемнен алшақ сезінуге мүмкіндік береді .Бұл жабық түрдегі құлаққаптарда шуды дыбысын басу батырмасы бар. Құлаққаптар үздіксіз бес сағат жұмыс істей алады.Ал қуаттау шамамен екі сағат уақыт алады. Сондай-ақ, ішкі жарықтандыруы да бар.

Glow — Kickstarter’а құлаққаптары

Ең ерекше құлаққаптар топтамасы

Жарықтандыру тұрақты емес, ол әуенмен немесе жүрек соғу жиілігімен реттеледі. Бұл жүрек соғуын бақылау үшін құлаққапқа орнатылған сенсор пайдаланылады. Жоба авторларының айтуынша, Glow — әлемдегі алғашқы лазерлік жарықтандыруы бар құлаққап.

Құлаққап– біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Олар үйде, жолда, қоғамдық көлікте, жүгіру кезінде және спорт залдарында қажет. Сондай-ақ тұрақсыз ауа райында да ыңғайлы. Құлаққаптың тек керемет дыбыс сапасымен ғана емес, ерекше әрі сәнді үлгісімен де көңіл-күйді көтере алғаны, әлдеқайда жақсы емес пе?