Home Технологиялар Ғаламтор және желі 2025 жылдан бастап Ресейде барлық смартфон мен планшетке Max мессенджері орнатылады

2025 жылдан бастап Ресейде барлық смартфон мен планшетке Max мессенджері орнатылады

15

Бұл жаңалық Ресейде бизнес жүргізетін қазақстандықтарға, сондай-ақ студенттер мен туристерге аса маңызды. Ресей үкіметі смартфондар мен планшеттерге бағдарламалық қамтамасыз етуді міндетті түрде алдын ала орнату ережесін бекітті. Премьер-министр Михаил Мишустин қол қойған шешім смартфондар, планшеттер және Ресейде сатылатын теледидарларға орнатылатын қосымшалар тізімін өзгертеді.

Соған сәйкес, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Max мессенджері VK Мессенджердің орнына міндетті түрде орнатылатын бағдарламалар тізіміне енгізіледі.

Тағы бір маңызды өзгеріс – Apple техникасына қатысты. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап RuStore қосымшалар дүкені тек Android пен HarmonyOS құрылғыларында ғана емес, iOS және HyperOS жүйесіндегі барлық iPhone, iPad, Xiaomi смартфондары мен планшеттерде де алдын ала орнатылады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті түрде алдын ала орнатылатын қосымшалар тізіміне Лайм HD TV қосылады. Бұл бағдарлама теледидарларға орнатылмақ.