Home Технологиялар Инновациялар 100 000 долларлық роботтар: өндіріс саласында жаңа дәуір басталды ма?

100 000 долларлық роботтар: өндіріс саласында жаңа дәуір басталды ма?

29

Адам тектес роботтар – алыс болашақтың емес, алдағы бірнеше жылдың жаңалығы. Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг бұл технология көпшіліктің күткенінен ерте қолданысқа енетінін мәлімдеді.

Сан-Хоседе өткен Nvidia әзірлеушілерінің жыл сайынғы конференциясында Дженсен Хуанг роботтардың айналаға бейімделу қабілетін арттыратын жаңа бағдарламалық құралдарды таныстырды. Оның айтуынша, бұл жасанды интеллекттің тұрмыс пен өндірісте кеңінен қолданылуына жол ашатын маңызды қадам.

Конференциядан кейін Хуангқа «Жасанды интеллектің кең таралуының басты белгісі не?» деген сұрақ қойылды.

«Бұл – адамға ұқсас роботтардың өмірдің барлық саласында пайда болған кезі. Және бұл бес жылдан кейін емес, одан да ертерек орын алады», – деп жауап берді ол.

Оның айтуынша, ең алдымен өндіріс саласы роботтарды кеңінен қолдана бастайды. Өйткені бұл салада нақты тапсырмалар бар, ал роботтар тұрақты ортада жоғары тиімділікпен жұмыс істей алады.

«Бірінші кезекте мұндай роботтар зауыттарда қолданыла бастайды деп ойлаймын. Өйткені өндірістік ортада нақты шекаралар мен айқын міндеттер бар. Экономикалық тұрғыдан алғанда, гуманоид роботты жалға алу шамамен 100 000 долларды құрайды. Бұл – өзін-өзі ақтайтын тиімді инвестиция», – деді Хуанг.