Home Uncategorized @kk-kz Қуаттағыш пен пауэрбанк Әлеуметтік желілер- телефон қуатының тез таусылуына себепші

Әлеуметтік желілер- телефон қуатының тез таусылуына себепші

39

Ресейлік «Павербанки МТС Юрент» қызметінің техникалық директоры Илья Казаковтың айтуынша, әлеуметтік желілер мен басқа да мультимедиялық қосымшалар смартфон қуатының тез таусылуына себепші. Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік желілер үнемі жаңалықтар мен хабарламаларды жүктеу үшін фондық режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар, медиафайлдарды жиі пайдалану мен жаңартулар да энергия тұтыну көрсеткішін күшейтеді.

Сарапшы қысқа бейнероликтер түсіруге арналған қосымшалардың да батарея қуатын тез тауысатынын атап өтті. Сонымен қатар, GPS бағдарламалардың да телефон қуатына ерекше әсер етеді.

GPS бақылау бағдарламасы қолданатын қосымшалар карталар мен жол қозғалысы туралы деректерді жаңартумен айналысатындықтан, телефон қуатына қосымша жүк түсіреді.

Казаков бейнеқоңыраулар мен платформалардың телефон қуатына айтарлықтай ауыртпалық салатынын айтты. Бейнеқоңыраулар кезінде камера, микрофон және деректермен алмасу қызметтері қатар жұмыс істейтіндіктен, құрылғының қуаты тез азаяды. Сарапшы тек аудио режимін қолдануды, экран жарықтығын төмендетуді және қоңырау аяқталғаннан кейін қосымшаны бірден жабуды ұсынады.

Сонымен бірге, ойындар смартфонның процессоры мен графикалық жүйесіне ауыр жүктеме түсіретіндіктен, телефон қуатын жылдам тауысады. Мұндай жағдайда
экран жарықтығын азайту аздап болса да көмектесуі мүмкін.