Home Uncategorized @kk-kz технология Capsule Solo:кішкентай көлемімен үлкен мүмкіндіктер ұсынатын ыдыс жуғыш машина

Capsule Solo:кішкентай көлемімен үлкен мүмкіндіктер ұсынатын ыдыс жуғыш машина

13

Loch Electronics компаниясы Capsule Solo атты ыдыс жуатын машинаны таныстырды. Оны тіпті өзіңмен табиғат аясына да алып шығуға да болады. Өлшемдері 26 х 46 х 51 см және салмағы 12 келі болғандықтан, бұл ыдыс жуатын машина «әлемдегі ең ықшам» деген атаққа ие болады. Дегенмен, бұл пікірмен келіспеуге де болады, себебі оның өлшемдері Loch компаниясының алғашқы үлгілерінен және бәсекелестердің ұқсас тауарларынан кіші емес.

Дегенмен,кәсіп иелері Capsule Solo құрылғысы бір уақытта 35 затты жуа алатынын мәлімдейді. Оның ішіне 31 см диаметрлі таба сыйып кетуі мүмкін. Машина жұмыс істеу үшін екі сыртқы резервуарды пайдаланады. Біреуіне таза су құйылады, ал екіншісінде лас су жиналады. Егер қолжуғыш болса, лас суды сол жерге төгуге болады.

Capsule Solo:кішкентай көлемімен үлкен мүмкіндіктер ұсынатын ыдыс жуғыш машина

Машина 6 түрлі жуу режимін ұсынады. Жемістер мен көкөністерді жылы судың және жуғыш заттардың көмегінсіз жақсы жуып алуға болады. Қолмен жууға қарағанда, Capsule Solo уақыт пен күшті көп үнемдейді. Алғашқы жеткізілімдер 2025 жылдың басында басталады. Kickstarter платформасында жинаған қаражат жаңалықты шығару үшін қажет мөлшерден асып түсті.