Жаңа өзгеріс киберқылмыскерлермен күрестің кезекті құралына айналуы мүмкін. Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек WhatsApp арқылы жұмыс істейтін алаяқтарға назар аударуда. Ол операторлардың WhatsApp-ты бұғаттауға құқығы жоқ екенін атап өтті. Бұл мәлімдеме мәжіліс отырысы кезінде айтылды.
Мекеме қазақстандықтарды SIM-карта саны бойынша шектеуді жоспарлап отыр. Мобильді немесе стационарлық телефон нөмірін тек egov.kz сайтында немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы алуға болады.
«Біз бір адамға берілетін SIM-карта санын шектейміз. Қазір заңды тұлғалардан коммерциялық мақсатта SIM-карталарды алу үшін әр нөмірдің пайдаланылуын негіздеуді талап етуіміз мүмкін», — деді Оразбек.