Home инновациялар Қазақстандық стартап әлемдегі ең үздік білім беру жобасы ретінде танылды!

Қазақстандық стартап әлемдегі ең үздік білім беру жобасы ретінде танылды!

8

Мектеп оқушыларын IT саласына ойын арқылы үйретумен айналысатын,қазақстандық CodiPlay стартабы, Ұлыбританияда “Digital Innovation of the Year” сыйлығын жеңіп алды.

Лондонда халықаралық білім саласындағы жеңімпаздарды 20 санат бойынша марапаттау рәсімі өтті. The PIEoneer Awards 2024 премиясына 34 елден, оның ішінде Қазақстанның CodiPlay жобасымен қатысушылар өз өтінімдерін жіберді.

Айта кетейік, әрбір жоба білім беру инновацияларының талаптарына сәйкес келу үшін қатаң тексеруден өтті.

«Бұл сыйлық – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың бейнесі. Біздің жоба халықаралық стандарттарға сай болып қана қоймай, әлемдегі білім беру технологияларын дамытуға ықпал етеді. Біз әрбір оқушыға инклюзивті, заманауи және қолжетімді білім беруді жалғастыра береміз», – деді жобаның негізін қалаушы Жанадил Талдыбаев.