Home Ғаламтор және желі Қазақстан еуропалық желіге қосылмақ

Қазақстан еуропалық желіге қосылмақ

15

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Әзербайжанмен бірлесіп Каспий теңізінің түбіне талшықты оптикалық байланыс желілерін (ТӨБЖ) тарту жұмыстары жалғасуда.

Бұл жұмыстар ғаламтор желілеріне қосылудың жаңа физикалық жолын қамтамасыз етіп, елдің байланыс операторларын сыртқы желілермен қосады. Сонымен қатар, екі ел арасында халықаралық байланыс желісі ұйымдастырылады.

Қазақстан арқылы интернет деректерін өткізу және су астындағы кабель арқылы Әзербайжанға жеткізіп, одан әрі Еуропаға шығу жоспарланған.

Қазіргі уақытта ВОЛС құрылысы үшін мердігер анықталды. Келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландыру екі елдің операторлары арасында 50/50 шарт негізіндежүзеге асырылуда. Жұмыс аяқталу мерзімі – 2025 жыл.

Елдің байланыс операторларын сыртқы желілермен қосу және халықаралық байланыстарды ұйымдастыру бойынша басқа жобалар талқылануда