Home Кәсіби маман Күршімде қуаты 700 МВт электр станциясы салынады

Күршімде қуаты 700 МВт электр станциясы салынады

10

Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт конденсациялық электр станциясын салу жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «ГРЭС Курчатов» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісім мақұлданды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жаңа жоба Курчатов қаласының одан әрі дамуына қажетті энергетикалық базаны қалыптастырады. Қалада Ұлттық ядролық орталық, Ядролық технологиялар паркі, зерттеу реакторлары, зертханалар және қазақстандық КТМ термоядролық токамагы сияқты ірі ғылыми нысандар шоғырланған.

Жаңа станция құрылысының жалпы құны 881 млрд теңгені құрайды. Әрқайсысының қуаты 350 МВт болатын екі энергоблокты кезең-кезеңімен іске қосу 2032 жылға дейін жоспарланып отыр. Электр станциясы толық пайдалануға берілгеннен кейін жылына 5 млрд кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады. Жобаны іске асыру барысында шамамен 4,4 мың жұмыс орны ашылады.

Станция қысым мен температураның жоғары көрсеткіштерінде жұмыс істеуге бейімделген заманауи бу-энергетикалық жабдықтармен жарақтандырылады. Жобада қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту мақсатында түтін газдарын тазарту, шығарындыларды сүзу және шаңды басу жүйелерін енгізу көзделген. Бұл технологиялар Экологиялық кодекс пен ең озық қолжетімді техникаларға қойылатын талаптарға сәйкес іске асырылады.

Жобаның жүзеге асуы Курчатов қаласын электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттырып, ғылыми, өнеркәсіптік және қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға қажетті қосымша энергия өндіру қуаттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.