Tesla АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында Cybercab көліктеріне арналған ірі қуаттау орталығын салуды жоспарлап отырғанын жариялады. Бұл туралы компанияның қала билігіне құрылысқа рұқсат алу үшін тапсырған құжаттарынан белгілі болды. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып, Tesla-ның жүргізушісіз таксилер паркіне қызмет көрсетуге бағытталады.
Алғашқы кезеңде компания Сент-Элмо ауданындағы Tesla қызмет көрсету орталығының қарсы бетіндегі аумақта 48 Supercharger қуаттау құрылғысын орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар кейіннен аумақты кеңейту үшін шамамен 80 автотұрақ орны бос қалдырылмақ.
Жобаның екінші кезеңі ерекше назар аудартады. Құжаттағы мәліметке сәйкес, Tesla қосымша орындарға 80-ге дейін сымсыз қуаттау құрылғысын орналастыруды көздеп отыр.Мұндай технология Robotaxi үшін өте қолайлы. Көлікке қуаттау кабелін жалғаудың қажеті болмайды, белгіленген орынға тоқтаса жеткілікті.
Дереккөз: teslarati
Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.












