Home Робот пен дрондар,ЖИ Семейлік оқушылар 25 ел қатысқан робототехника жарысында екінші орын алды

Семейлік оқушылар 25 ел қатысқан робототехника жарысында екінші орын алды

12

Семейлік оқушылардан құралған SBIL•LION•AIRES командасы Бейжіңде өткен FIRST® LEGO® League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионатында екінші орын иеленді. Жарысқа 25 елден 375 команда және 3500-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан атынан байқауға 20-ға жуық команда қатысты, деп хабарлайды Digital Business.

Жарыста Қазақстанның атынан Астана мен Алматы қалаларынан, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Абай облыстарынан келген командалар бақ сынады.

Чемпионат қорытындысында Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің SBIL•LION•AIRES командасы 375 команданың арасынан екінші орын алды.

SBIL•LION•AIRES командасы 2024 жылы Sapa Semey Alumni түлектер қауымдастығының қолдауымен құрылған.

Бейжіңдегі күміс жүлде жас робототехниктердің халықаралық деңгейдегі алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін команда Сингапурда өткен жарыста да екінші орын иеленген.

Команда мүшесі Нұрсұлтан Оразалиннің айтуынша, халықаралық жарыстардағы бұрынғы тәжірибе оқушыларға Бейжіңдегі чемпионатқа жақсы дайындалуға көмектескен.

«Биыл чемпионатта өте жақсы нәтиже көрсеттік. Бұған дейінгі жарыстарда жинаған тәжірибеміз командалық жұмысымызды жетілдіріп, өзара түсіністігімізді нығайтты. Бейжіңдегі жарыста бірлесе жұмыс істеуіміздің арқасында жүлделі екінші орынға ие болдық», – деді ол.

Алия Рахимова