Home Робот пен дрондар,ЖИ Қазақстанда агродрондар шығаратын зауыт іске қосылды

Қазақстанда агродрондар шығаратын зауыт іске қосылды

10

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоба Түркістан облысында жүзеге асырылған. Өндірістік қуаты жылына 500 дана техника шығаруға мүмкіндік береді.

«Агродрондар ауыл шаруашылығы дақылдарын бүрку жұмыстарына арналған. Бір ғана ұшқышсыз аппарат 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын көтеріп, бес гектарға дейінгі егіс алқабын өңдей алады. Агродрондарды қолдану ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне егістік жерлерді өңдеу тиімділігін арттыруға, ресурстық шығындарды азайтуға және еңбек өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда компания агродрондарды жеткізуге шамамен 20-ға жуық тапсырыс қабылдап үлгерген», – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ кәсіпорын алдағы уақытта өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару игеріледі деп күтілуде.

Қосымша материалдар мен сараптамалық мақалаларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.