Home Рбот пен дрондар,ЖИ Anthropic пен Google жасанды интеллектіні баптауға гуманитарлық мамандарды тарта бастады

Anthropic пен Google жасанды интеллектіні баптауға гуманитарлық мамандарды тарта бастады

13

Google мен Anthropic секілді ірі технологиялық компаниялар соңғы уақытта гуманитарлық білім алған мамандарды, әсіресе философтарды жұмысқа жиі қабылдап жатыр. Бұл туралы Business Insider басылымы хабарлады.

Мұндай өзгерістің басты себебі — жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы. Қазіргі ЖИ жүйелері тек инженерлік тұрғыдан әзірленіп қана қоймай, олардың әрекеті адам құндылықтарына, этикалық қағидаларға және қоғамдық нормаларға сай мұқият бейімделуі қажет. Осыған байланысты философтар мен психологтардың рөлі айрықша маңызға ие болып отыр. Олар ЖИ модельдерінің мінез-құлқын дұрыс бағытта қалыптастыруға атсалысады.

Мұндай мамандардың міндетіне этикалық ұстанымдарды айқындау, сондай-ақ модельдердің ішкі қағидалары мен шектеулерін әзірлеуге қатысу кіреді. Сарапшылардың пікірінше, гуманитарлық сала өкілдері бүгінде техникалық командалардың құрамына еніп, техникалық білімі болмаса да, жоғары жалақы төленетін қызметтерге үміткер бола алады. Дегенмен кейбір талдаушылар бұл мамандардың нақты өнімдерге ықпалы әзірге шектеулі екенін айтады. Бұған ЖИ жүйелерін әзірлеу үдерісінің тым жылдам жүруі себеп.

Соған қарамастан, мұндай мамандардың жылдық жалақысы 400 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл АҚШ-тағы ірі компаниялардағы Senior немесе Lead деңгейіндегі қызметтердің еңбекақысымен шамалас.

Қосымша материалдар мен сараптамалық мақалаларды MobiLaser Telegram арнасынан оқуға болады.