Home Технологиялар Киберқауіпсіздік Антифрод-орталығының өкілеттігі кеңейеді

Антифрод-орталығының өкілеттігі кеңейеді

10

Ұлттық банк біртұтас Антифрод-орталықтың қызметін айтарлықтай кеңейтуді көздейтін түзетулер жобасын әзірледі. Бұл жоба “Ашық нормативтік-құқықтық актілер” порталында жарияланып, қоғам талқылауына ұсынылды.

Жаңа ережелерге сәйкес, қорғау жүйесіне тек банк мекемелері ғана емес, ұялы байланыс операторлары да тартылатын болады. Олардың міндеті – күдікті қоңыраулар жөнінде ақпарат алмасу және бірнеше несие рәсімдеуге бағытталған алаяқтық әрекеттерді дер кезінде болдырмау.

Ұлттық банк мәліметінше, өзара іс-қимылдың жаңартылған тәртібі қаржы реттеушісіне алаяқтық құрбандарының бірыңғай дерекқорын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұрланған қаражаттың қозғалысын жедел тоқтата отырып, заңсыз транзакциялар санын азайтуға септігін тигізеді.

Бұл шаралар қазақстандықтардың есеп-шоттарын үшінші тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды күшейтеді деп күтілуде.

Түзетулер жобасы ағымдағы жылдың 3 наурызына дейін қоғамдық талқылауға ашық болады.