Home Технологиялар Су рұқсаттарын алу цифрлық форматқа көшті

Су рұқсаттарын алу цифрлық форматқа көшті

33

2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда арнайы су пайдалану рұқсаттарын алу толық цифрлық форматқа ауысты. Енді кез келген азамат бұл рұқсаттарды Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі (ҮСРАЖ) арқылы ала алады.

Жаңа Су кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жаңартылып, рұқсат беру процесі толық автоматтандырылды. Өткен жылы су пайдалану бойынша есептілік беру де цифрлық жүйеге енгізілген болатын.

Сонымен қатар, ҮСРАЖ 11 мемлекеттік ақпараттық жүйемен біріктіріліп, рұқсат алу қызметін жылдам әрі ыңғайлы етті. Бұл жаңашылдық ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтар үшін маңызды жеңілдік пен уақыт үнемдеуді қамтамасыз етеді.