Home Технологиялар Киберқауіпсіздік Алаяқтар кликбейт арқылы қалай алдайды?

Алаяқтар кликбейт арқылы қалай алдайды?

9

Кликбейт – оқырманның назарын бірден аударатын тақырып немесе сурет. Ол қызығушылық тудырып, сілтемеге басуға итермелейді.

Мысалы, «Тек бүгін! iPhone жарты бағамен -тек осылай жасау керек», «Сенбейсіз! Жаңа жылға арнайы тегін сыйлықтар таратылады», «Бұл сенсация! Түнде бір әрекет жасаңыз, тұмау мен коронавирусқа қорықпайсыз» деген тақырыптар – оқырманның назарын аударып, тез әрекет етуге мәжбүрлейтін кликбейттің айқын мысалы болып саналады.

Алаяқтар осындай тақырыптарды пайдаланып, электронды пошта немесе мессенджер арқылы хабарлама таратады. Көбіне бұл хабарламалар жалған банктердің, блогерлердің немесе интернет-дүкендердің атынан жіберіледі.

Кейде тақырыпқа бейне немесе қосымша файл қосылады. Оны қарау үшін пайдаланушыға арнайы қосымшаны орнату ұсынылады. Құрылғыға орнатылған жағдайда зиянкестік бағдарлама енгізіліп, алаяқтар жеке деректерді ұрлап, тіпті құрылғыны қашықтан басқаруға мүмкіндік алады.

Сілтеме арқылы өтсе не болады не болады?

Сілтемені басқан пайдаланушы фишинг сайтқа өтеді. Мұндай сайттар жаңалық порталларының немесе интернет-дүкендердің дәл көшірмесі болып көрінеді.

Ойланбай, автоматты түрде өз есептік жазбаңызға кірсеңіз, деректеріңіз алаяқтардың қолына өтуі мүмкін. Онлайн-дүкен беті болса, банк картасының мәліметін сұрайды да, тапсырыс рәсімделгендей етіп барлық төлем ақпаратын иемденеді.

Алаяқтық кликбейттің белгілері

Бет ұзақ жүктеледі немесе басқа сайтқа бағыттайды.

Тақырыпқа басқанда файл жүктеу ұсынылады.

Егер осындай белгілер байқалса, бетшені дереу жабыңыз, ештеңе жүктемеңіз және сұралған деректерді енгізбеңіз.

Құрылғыларыңызды қорғау жолдары

Құрылғының баптау бөлімінде сыртқы көздерден бағдарламаларды орнатуға тыйым қойыңыз, антивирус орнатып, оны үнемі жаңартып отырыңыз.

Браузерге жарнамаларды бұғаттайтын қосымшаларды пайдаланыңыз (AdBlock, uBlock Origin, Ghostery, AdGuard). Көбіне бұл құралдар тегін және алаяқтардың әрекетін тиімді шектейді.

Қосымша ақпаратты Fingramota.kz сайтынан біле аласыз.

Сыртқы коммуникациялар департаментінің Басқарма бөлімі

press@finreg.kz