Жас компания Quilter Project Speedrun атты жаңа жобасын таныстырып, әлемде алғаш рет жасанды интеллект арқылы толық компьютер жасалғанын жариялады.
Жоба аясында жасалған құрылғы екі платалы жеке компьютер болып, жасанды интеллект көмегімен тек екі аптада нөлден әзірленген. Debian Linux операциялық жүйесі жүйеге алғаш жүктеуде-ақ сәтті орнатылды.
Компьютер 843 бөлшектен тұрады. Негізгі құрамдас бөліктеріне NXP i.MX 8M Mini Quad процессоры, 2 ГБ жедел жады және 32 ГБ ішкі сақтау орны кіреді. Сонымен қатар 24-бит/192 кГц сапасын қолдайтын цифрлық-аналдық түрлендіргіш, SSD M.2 дискісін қосуға арналған орын, сондай-ақ сыртқы қосылулар үшін USB және RJ45 қосқыштары қарастырылған. Дегенмен, техникалық сипаттамалар басты назарда емес, себебі жобаның негізгі мақсаты – компьютерді жасанды интеллект арқылы жобалау мүмкін екенін көрсету.
Жасанды интеллект тек бір аптада деректерді өңдеп, жобаны аяқтады. Ал инженерлер қосымша шамамен 39 сағат жұмыс істеді. Зерттеушілердің айтуынша, дәстүрлі жағдайда кәсіби инженер мұндай жобаны аяқтау үшін үш айға, яғни 430 сағатқа жуық уақыт жұмсар еді.
Quilter компаниясы қайталанатын жобалау жұмыстарын жасанды интеллектке сеніп тапсырса, инженер тек процесті қадағалады. Жасанды интеллект платаларды орналастырып, байланыс жолдарын анықтап, физикалық тексерістерді жүргізді. Адам тек жүйені баптау, құжаттау және техникалық шектеулерді нақтылау жұмыстарымен айналысты. Қоймадағы кейбір қосқыштардың жетіспеушілігі немесе Wi-Fi модулінің жоғалуы бірден шешіліп, жобалау үдерісі тоқтаусыз жалғасты. Аз ғана түзетулер қажет болды: қуат желісін (PDN) баптау, өту тесіктерінің кластерлерін түзету және кейбір компоненттердің орнын аздап өзгерту, бірақ қайта жинау немесе толық өңдеуді талап етпеді.
Бұл жоба технологияның адам еңбегін жеңілдетіп, жасанды интеллектінің нақты нәтижеге қалай қол жеткізе алатынын көрсететін алғашқы қадам болды..












