Home Технологиялар Ғаламтор және желі Чили мектептерінде ұялы телефондарға толық тыйым салынды

Чили мектептерінде ұялы телефондарға толық тыйым салынды

35

Чили бастауыш және орта мектептерде ұялы телефондарды пайдалануға толық тыйым салатын заң қабылдады. Парламент бұл бастаманы басым дауыспен мақұлдап, президент Габриэль Боричтің қолдауымен жақын арада күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Заң наурыз айынан бастап барлық мемлекеттік және жеке мектептерде қолданылады. Тыйым мектеп ғимаратының барлық аумағына қатысты болады, бірақ әр оқу орны өз ішінде қолдану тәртібін белгілеп, нақты шектеулерді айқындайды. Чили білім министрі Николас Катальдоның айтуынша, оқушылардың ұялы телефондарды пайдалануын бақылау қиынға соғып, бұл олардың сабаққа зейінін бөлетін басты мәселеге айналды.

Заң авторларының бірі, депутат Диего Шальпердің сөзінше, жастар арасында ұялы телефондарға тәуелділік дамып, оқу процесіне кедергі келтіреді. Дегенмен, бұл тыйым технологияға қарсы емес, керісінше студенттердің оқуына зейін қоюына, өнімділігін арттыруға, әлеуметтік қатынасын дамытуға және эмоционалдық жағдайын қолдауға бағытталған.