Home Робот пен дрондар,ЖИ Алматыда робототехника және жасанды интеллект зертханасы ашылады

Алматыда робототехника және жасанды интеллект зертханасы ашылады

22

Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері Қытайға жасаған сапары барысында қала әкімі Дархан Сатыбалды робототехника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Unitree Robotics компаниясының басшыларымен кездесті. Келіссөздердің нәтижесінде тараптар Алматыда мобильді робототехника, автономды навигация және жасанды интеллект технологияларын әзірлейтін бірлескен зертхананы ашу туралы уағдаласты.

Жоба Алматы әкімдігінің қолдауымен және стратегиялық серіктес ретінде қатысатын Freedom Holding Corp. компаниясымен бірге жүзеге асырылатын болады. Зертхана жасанды интеллект саласындағы цифрлық шешімдер мен инновацияларды енгізу орталығына айналады.

Unitree Robotics халықаралық нарықта жетекші позицияларды иеленіп, көпфункциялы роботтарды шығаратын үш ірі компанияның қатарына кіреді. Компания төрт аяқты роботтардың әлемдік нарығының шамамен 62%-ын және Азиядағы нарықтың 75%-тан астамын бақылайды.

Дархан Сатыбалды зертхананың ашылуы мегаполистің инновациялық әлеуетін күшейтетінін және жоғары технологиялық секторға инвестиция тартуға ықпал ететінін атап өтті. Unitree Robotics компаниясының негізін қалаушы Чэнь Ли Қазақстанда робототехника саласын дамытуға компанияның дайын екенін растады.

Зертхананы құру Алматының цифрландыру стратегиясының бір бөлігі болып, қалада заманауи технологиялық кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді.