2025 жылы бірқатар мемлекеттер мемлекеттік қызметкерлер мен ұйымдарды ұлттық мессенджерге көшіруді қолға алды. Бұл әлемдік деңгейде қалыптасып келе жатқан тенденцияға сәйкес болып отыр.
Францияда барлық мемлекеттік қызметкерлер, соның ішінде министрлер WhatsApp пен Telegram арқылы ресми байланысқа шығуға тыйым салынды. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елдегі барлық мемлекеттік құрылымдар «Tchap» атты мемлекет тарапынан қорғалатын хабар алмасу сервисін қолдануды бастады.
Қазақстанда да ұқсас шешім қабылданды. 15 қыркүйектен бастап республикадағы барлық мемлекеттік органдар мен оларға байланысқан ұйымдар ұлттық мессенджер Aitu қолдануға міндетті. Жобаны әзірлеу бірнеше жыл бойы жүргізіліп келді.
Ресейде де биыл маусым айында мемлекеттік қызметкерлерге, банктер мен стратегиялық ұйымдардың қызметкерлеріне шетелдік мессенджерлерді азаматтармен байланыс үшін қолдануға тыйым салынды. Сонымен қатар, ресейлік Max мессенджері смартфондарға алдын ала орнатылатын міндетті бағдарламаға айналды.
Бұл қадамдар мемлекеттік байланыс қауіпсіздігін күшейтуге, кибершабуылдар мен телефондық алаяқтыққа қарсы күресті жақсартуға бағытталған.












