Home Ақша Әлемдік Taobao онлайн-шопинг фестивалі алғаш рет Қазақстанда басталды

Әлемдік Taobao онлайн-шопинг фестивалі алғаш рет Қазақстанда басталды

17

Әлемге танымал онлайн-шопинг фестивалі – «Taobao Double 11.11» ресми түрде басталып, биыл алғаш рет Қазақстан нарығына да енді. Шара 20 қазаннан 14 қарашаға дейін жалғасады және қазақстандық сатып алушыларға екі миллиардтан астам тауарға 15%-ға дейін жеңілдіктер мен арнайы жергілікті бонус мүмкіндіктерін ұсынады. Тапсырыс сомасы 7499 теңгеден асса, жеткізу тегін жүргізіледі.

Taobao – әлемдегі жетекші онлайн-сатып алу платформаларының бірі. Жыл сайынғы жеңілдіктер фестивалі арқылы қазақстандық сатып алушыларға ең соңғы трендтерді, жаңа брендтерді ашуға мүмкіндік береді. Осы шара барысында қолданушылар эксклюзивті жеңілдіктермен өнім сатып алып, әлемдік нарықтағы танымал тауарларды қолжетімді бағамен ала алады.

Фестиваль үш аптаға созылып, сатып алушыларға соңғы технологиялар мен трендтерді зерттеп, өз таңдауларын жасауға, сондай-ақ әлемдік брендтермен танысуға қолайлы жағдай туғызады.