Home Кәсіби маман Абай облысының оқушысы суаруды автоматтандыратын робот ойлап тапты

Абай облысының оқушысы суаруды автоматтандыратын робот ойлап тапты

46

Абай облысындағы Георгиев орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ералы Қыстаубай топырақтың ылғал деңгейін өзі анықтап, суаруды автоматты түрде іске қосатын робот жасап шығарды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүйе күн энергиясымен жұмыс істейді. Ол сорғы, қозғалтқыш, аккумулятор және қозғалуына арналған дөңгелектермен жабдықталған. Автордың айтуынша, бұл құрылғы адамның еңбегін жеңілдетіп қана қоймай, суды үнемдеуге және ауыл шаруашылығындағы тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны әзірлеу барысында оқушы сенсорларды қолдануды меңгеріп, құрылғының жұмыс алгоритмін жасап шыққан. Сонымен қатар 3D-модель құрып, микроконтроллерді бағдарламалаған және прототипін құрастырған. Жасалған сынақтар мектеп жылыжайында және оқу орнының жер телімінде өткізілді.

«Мен қазіргі заманғы технологиялар ауыл шаруашылығына да, табиғатты қорғауға да көмектесе алатынын көрсеткім келеді. Болашақта мұндай жобаны шаруалардың жұмысына енгізуге болады», – деді жас өнертапқы