Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда 2066 мектеп «Қолжетімді интернет» жобасымен қамтылады

Қазақстанда 2066 мектеп «Қолжетімді интернет» жобасымен қамтылады

26

Жаңа оқу жылы басталды. Қала мен ауылдың балаларын сөмке сүйреп, мектепке асығып бара жатқан көрінісі көңілге қуаныш ұялатады. Дегенмен алыс ауылдардың кейбірінде интернет әлі қолжетімсіз күйінде қалып отыр. Сол себепті мемлекет қолға алған ірі жобалардың іске асуы көпшіліктің назарында тұр. Бұл қатарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы және байланыс операторларына жүктелген міндеттемелер бар.

Шалғай ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі – Starlink спутниктік желісін пайдалану.

Starlink қалай жұмыс істейді? Дәстүрлі кабельдік немесе оптикалық желілер жетпейтін шалғай аймақтарға кең жолақты интернет қызметін жеткізу үшін Starlink төмен орбитада айналып жүретін спутниктерді қолданады. Бұл технология сигналды жерден емес, ғарыштан таратып, шалғай ауылдарды да интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Канада мен АҚШ-та Starlink 2020 жылдан бері қызмет көрсетуде. Ал Қазақстанда 2021 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі SpaceX компаниясымен келіссөздер бастады. Мақсат – шалғай ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету. 2022 жылы пилоттық жоба аясында Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы 10 мектеп Starlink арқылы интернетке қосылды.

«ЦДИАӨМ және «Қазақтелеком» АҚ 3 000-нан астам ауылдық елді мекенді интернетке қосу бойынша инвестициялық келісімге қол қойды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі маусым айында. Жоба бойынша оптикалық талшықты желілерді салу 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда, ал шалғай аймақтарды спутниктік байланыс арналарымен қамтамасыз ету 2027 жылдың соңына дейін жүзеге асады.

Жалпы ауылдық елді мекендерді қосу негізінен оптикалық талшық арқылы жүзеге асады (88%). Ал спутниктік арналар арқылы қосу – 12% құрайды.

«Жобаның жалпы инвестиция көлемі 239 миллиард теңгеден асады – бұл бюджеттен тыс қаражат. Мұның мүмкіндігі «Қазақтелеком» АҚ-тың ірі телекоммуникациялық инфрақұрылымын пайдалану арқылы жасалды», – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Министрліктің басшысы Жаслан Мадиев Starlink Қазақстандағы енгізілуі туралы айтып өтті.

«Жыл соңына дейін шамамен 2 000 мектеп Starlink терминалдарын алады деп жоспарлап отырмыз. Біз Starlink-пен келіссөз жүргізіп жатырмыз, инфрақұрылым интеграцияланып, бұл технологияны кеңінен іске қоса аламыз», – деді ол.

Қазақстанда 2066 мектеп «Қолжетімді интернет» жобасымен қамтылады

Starlink және басқа да жобалар арқылы шалғай ауыл мектептерін интернетпен қамтамасыз ету жоспарлары жарияланса да, іс жүзінде жағдай әр мектепте әртүрлі. Абай облысы әкімдігінің сайтында хабарланғандай, 2024–2025 жылдары облыста 302 жалпы білім беретін мектеп, 7 жекеменшік мектеп, 4 арнайы интернат және 3 облыстық мектеп желіге қосылған.

Алайда көптеген мектептерде интернеттің жылдамдығы өте төмен: Абай ауданы – 5 Мбит/с, Аягөз – 10 Мбит/с, Бесқарағай – 16 Мбит/с, Бородулиха – 23 Мбит/с, Жарма – 23 Мбит/с, Көкпекті – 13 Мбит/с, Ақсуат – 9 Мбит/с, Семей қаласы – 4 Мбит/с, Үржар – 29 Мбит/с. Барлығы 132 мектеп осы жыл ішінде Starlink арқылы толық қосылуы жоспарлануда.

Павлодар облысында да Starlink қосылымы жалғасып жатыр, бірақ 10 ауылда әлі де байланыс жоқ, ал тағы 7 ауылда интернет мүлде қосылмаған. Бұл шалғай елді мекендерде тұрғын саны аз, сондықтан қосылым үшін қосымша техникалық шешімдер қажет.

2024–2025 жылдар аралығында спутниктік интернет 33 ауылдық мектепке қолжетімді болды. Ал оқу жылының басталуына дейін тағы 42 мектеп қосылды.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 352 ауылдық елді мекеннің 342-сі (97,1%) ұялы байланыспен қамтамасыз етілген, ал 343-і (97,4%) мобильді және тұрақты интернетке қол жеткізген.

Операторлар алдағы уақытта тағы 20 ауылды кең жолақты интернетпен қамтуды жоспарлап отыр. 2024 жылы КаР-Тел мен Теле2 мамандары сегіз ауылға байланыс пен интернет орнатты. 2025 жылдың соңына дейін тағы 10 ауылға базалық станциялар орнату көзделіп отыр, – деп хабарлайды Pavon.kz.

Алайда Саты (Май ауданы) және Таволжан (Үспен ауданы) ауылдарында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2/Altel) өз лицензиялық міндеттемелерін орындамаған.

Dknews.kz басылымының жазуынша, себептері ретінде жер учаскелерін рәсімдеу мерзімінің бұзылуы, электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттардың болмауы және басқа рұқсат құжаттарының жетіспеуі аталған. «Уәкілетті орган МЦРИАП РК Телекоммуникациялар комитетіне ресми хабарлама жолдады, себебі оператормен бірнеше келіссөз нәтиже бермеді», – деп толықтырған Dknews.kz.

Қазақстанда 2066 мектеп «Қолжетімді интернет» жобасымен қамтылады

Түркістан облысында Starlink арқылы интернетке қосылу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, АО «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» келісімшарты бойынша қосылатын 330 мектептің 329-ы толық спутниктік интернетке қосылған.

Бұған дейін бұл 330 мектеп радиожиілік технологиясы арқылы интернетпен қамтылған еді, бірақ жылдамдық төмен – 20 Мбит/с шамасында болатын. Себебі мектептер шалғайдағы тау-шырайлы аймақтарда орналасқан. Енді Starlink спутниктік интернеті арқылы мектептер 200 Мбит/с жоғары жылдамдықпен желіге қосылған.

«Облыстағы 911 мемлекеттік мектеп интернетпен қамтылған. 581 мектепте волоконно-оптикалық желі арқылы 20–80 Мбит/с жылдамдық бар. Жақын арада тағы 33 мектеп оптикаға қосылады», – деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысында 347 мектептің барлығы интернетке қосылған. Олардың 170 мектепте Starlink пилоттық жобасы енгізілген. 2026 жылға жоспарланған жаңа 3 мектептің құрылысы және 12 мектептің жаңғыртылуы, сонымен қатар шағын қалалар мен ауылдардағы 50 мектептің модернизациясы да көзделіп отыр.

Барлық мектептерде бейнебақылау және қолжетімділікті бақылау жүйелері орнатылған. «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілуде – бұл ата-аналарға балалардың тамағын бақылауға, ал жеткізушілерге есеп жүргізуге мүмкіндік беретін аппараттық–бағдарламалық кешен. Жаңа оқу жылында бұл жүйе 108 мектепте іске қосылады, ал 191 мектеп «Бизнес-әмиян» мобильді қосымшасына қосылған.

Атырау облысында 207 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, олардың 99%-ы ақпараттандыру бойынша ең негізгі талаптарға сай келеді, деп хабарлайды AtyrauPress. 205 мектеп (99%) интернетке қосылған: Атырау қаласында – 67 мектеп, Жылыой ауданында – 20, Индерде – 15, Исатайда – 16, Қызылқоғада – 18, Құрманғазыда – 33, Мақатта – 9, Махамбетте – 15, облыстық мекемелерде – 14 мектеп. Ал Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №75 және №15 мектептер әлі интернетке қосылмаған.

Қазақстанда 2066 мектеп «Қолжетімді интернет» жобасымен қамтылады

17 мектеп (8,2%) Starlink арқылы жұмыс істейді, соның ішінде Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға және Құрманғазы аудандары бар. Цифрлық инфрақұрылым біртіндеп шалғай ауылдарға да жетіп келеді, бірақ қалаған қарқынмен емес.

Білім министрлігінің вице-министрі Арай Уразова хабарлағандай, 2027 жылға дейін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2066 мектепті талшықты-оптикалық желілер арқылы қосу жоспарланып отыр.

Бұл – үлкен инвестицияны қажет ететін жоба, бірақ ол білім беру процесін цифрландыруда маңызды қадам болуы тиіс. Жоба арқылы әр оқушыға тең мүмкіндіктер жасалып, цифрлық теңсіздік азайтылмақ. Әрине, оқушылар да, ата-аналар да жобаның табысты жүзеге асырылуына үміт артып отыр.

Шынында да, Қазақстандағы мектептердегі интернет жылдамдығы мен қолжетімділігін жаңа оқу жылының алғашқы аптасында байқауға болады. Дей тұрғанмен, уақыт көрсетеді – бәрін көре жатармыз.