Home Технологиялар Ғаламтор және желі SIM-карта алу үшін биометриялық тексеру талап етілуі мүмкін

SIM-карта алу үшін биометриялық тексеру талап етілуі мүмкін

21

Қазақстанда мобильді желіге абоненттерді қосу тәртібі өзгереді. «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланған жаңа жобаға сәйкес, SIM-картаны беру кезінде тұлғаның биометриялық деректері тексерілуі мүмкін. Құжатқа қатысты қоғамдық талқылау 29 тамызға дейін өтеді.

Жобада бір қолданушыға берілетін нөмірлер санын шектеу де қарастырылған. Егер бір адам оннан көп SIM-карта алғысы келсе, оператор жазбаша түсініктеме сұрай алады. Үкіметтің пайымдауынша, бұл шара мобильді байланыс арқылы жасалатын алаяқтық схемаларды азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар абоненттер күдікті қоңыраулар туралы операторларға шағым жолдай алады. Ал операторлар өз кезегінде алаяқтық деректерін Ұлттық банктің қаржы алаяқтықпен күресетін Антифрод-орталығына жіберуге міндетті.Бұл бастама абоненттердің қауіпсіздігін арттыруға және телефон арқылы жасалатын қылмыстардан қорғауға бағытталған.