Home Технологиялар Киберқауіпсіздік Қазақстандықтарға 70 мың теңге төлемі туралы жалған ақпарат тарауда

Қазақстандықтарға 70 мың теңге төлемі туралы жалған ақпарат тарауда

10

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1949–2010 жылдары туған Қазақстан азаматтарына 70 мың теңге көлемінде төлем қарастырылғаны жөнінде хабарлама тарауда. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Алаяқтар азаматтарға ақшаны алу үшін күмәнді сілтеме арқылы тіркелуді ұсынып отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, мұндай әлеуметтік төлем түрі мүлде жоқ. Көрсетілген сілтемелердің басты мақсаты – азаматтардың жеке деректерін заңсыз жолмен иемдену болуы мүмкін. Осыған байланысты қазақстандықтар күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге шақырылады.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 қысқа нөмірінен SMS түрінде жолданады.

Мамандар жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге кеңес береді. Еске салсақ, жалған ақпарат тарату заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.