Home Технологиялар Volkswagen мен Orbis бірлесіп, жаңа электрқозғалтқышты сынақтан өткізуде

Volkswagen мен Orbis бірлесіп, жаңа электрқозғалтқышты сынақтан өткізуде

17

Калифорниялық Orbis Electric стартапы автокөлікке тікелей орнатылатын жаңа үлгідегі электрқозғалтқыш – HaloDrive жүйесін таныстырды.

Жаңа мотордың басты артықшылықтары – жеңіл салмақ пен жоғары қуат. Осьтік магниттік ағынға негізделген қозғалтқыштың салмағы небәрі 29,5 келі. Ол пластиктен жасалған статорымен, реттелетін редукторымен және EcoWave тежеу жүйесімен ерекшеленеді. Өндірушінің мәліметінше, құрылғының пайдалы әсер коэффициенті 97%-ға дейін жетеді.

Volkswagen мен Orbis бірлесіп, жаңа электрқозғалтқышты сынақтан өткізуде

HaloDrive қозғалтқышының қуаты – 560 ат күші, ал айналу қарқыны – 5500 Н·м. Күш тікелей доңғалаққа берілетіндіктен, екі мотор орнатылған көліктің өзі нағыз спорттық машиналарға тән шапшаңдық пен екпінге ие бола алады. Компания сериялық өндіріс іске қосылса, түрлі көлік түріне бейімделген қуат нұсқаларын ұсынуды жоспарлап отыр.

Orbis Electric қазіргі уақытта Volkswagen-пен бірлесіп, мотор-дөңгелек негізінде толық жетекті электромобиль жасауға кірісті. Стартап бұл технологиямен 2018 жылдан бері айналысып келеді.