Home Технологиялар Киберқауіпсіздік 20 шілдеден бастап онлайн несие тек биометрия арқылы рәсімделеді

20 шілдеден бастап онлайн несие тек биометрия арқылы рәсімделеді

29

20 шілдеден бастап Қазақстанда онлайн-несие рәсімдеу тәртібі өзгереді. Енді қарыз алушы жеке басын міндетті түрде растауы керек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа талаптар барлық қашықтан көрсетілетін қаржылық қызметтерге қатысты. Жеке тұлғаны сәйкестендіру мына тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы;
  • биометриялық тексеріс (мысалы, бет-әлпетті тану);
  • төлем картасының деректерімен (нөмірі, жарамдылық мерзімі);
  • мемлекеттік деректер базасымен салыстыру арқылы;
  • немесе бірегей идентификаторды қолдану арқылы (әріп, цифр, символ жиынтығы).

Сондай-ақ бірнеше әдісті қатар қолдануға болады. Бұл қауіпсіздікті арттыру үшін енгізілген.

Мақсат – несие рәсімдеудегі алаяқтықты азайту және қауіпсіздікті күшейту. Биометриялық әдіс, әсіресе, бөгде адамның атынан рәсімделетін несие әрекеттерін болдырмауға көмектеседі.

Құжаттың толық мәтіні Құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған. Ереже 2025 жылғы 20 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап барлық қаржы ұйымдары онлайн-несие беру кезінде жаңа талаптарды сақтауы тиіс.