Home Техника Автокөліктер Tesla жылды қалай түйіндемек? Маск көпшілікке белгі берді

Tesla жылды қалай түйіндемек? Маск көпшілікке белгі берді

27

Tesla компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Илон Маск биылғы жылдың соңына қарай бренд тарихындағы ең ауқымды әрі әсерлі таныстырылым өтетінін мәлімдеді.

«Дәл қазір Tesla-ның дизайн студиясынан шықтым. Жыл соңына қарай керемет таныстырылым болады. Компания тарихындағы ең үздігі», – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Қазір көпшілік бұл шара Tesla Roadster көлігінің жаңа үлгісіне қатысты болуы мүмкін деп топшылап отыр. Бұл көлік соңғы жылдары жиі айтылып, жұртшылықтың назарында жүрген.

Маск бұған дейін Roadster-ге SpaceX-тің зымыран технологиялары енгізілетінін айтып қалған еді. Сонымен қатар, автопилот жүйесінің жаңа нұсқасы не қуат сақтау саласындағы тың шешімдер де таныстырылымда көрсетілуі мүмкін.

Әзірге нақты мәлімет жарияланбағанымен, Масктың мәлімдемесі Tesla жанкүйерлерінің үмітін үдете түсті. Жыл соңында компания не ұсынатыны – бүкіл әлемнің назарында.