Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қарағандылық жас режиссер SAMGAU кинофестивалінің Гран-при жүлдесін иеленді

Қарағандылық жас режиссер SAMGAU кинофестивалінің Гран-при жүлдесін иеленді

18

Шымкентте өткен республикалық SAMGAU кинофестивалінде қарағандылық жас режиссер, CREATIVE CENTER ORTAU шығармашылық орталығының резиденті Асылжан Ізбасар бас жүлдені жеңіп алды.

Оның «Пат» атты қысқаметражды фильмі режиссердің дебюттік жұмысы саналады. Картинада музыкалық арманын жүзеге асырғысы келетін жас жігіт пен оны шахтер болуға итермелейтін әке арасындағы қарым-қатынас баяндалады. Екі буынның арасындағы байланыстыратын ортақ дүние — шахмат.

Қарағандылық жас режиссер SAMGAU кинофестивалінің Гран-при жүлдесін иеленді

Фестивальдің байқау бағдарламасына 30-дан аса туынды ұсынылып, соның ішінен 20 фильм іріктелді. Солардың ішінде «Пат» ерекше идеясы, режиссерлік шешімі мен тың көзқарасы арқылы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып жазылды.