Home Және басқа ақпараттар Және басқалары HONOR 400 телефонының таныстырылымы: Стиль, эстетика және технология тоғысқан сәт

HONOR 400 телефонының таныстырылымы: Стиль, эстетика және технология тоғысқан сәт

22

Алматының жазғы таңы кейде ерекше бір көрініске айналады.Таң бозара бере күн көкжиектен көтеріліп үлгермей, қаланың үстін бу басып, ауа қоюлана түседі. 19 маусым -дәл сондай күндердің бірі болды. Сағат онға жетпей-ақ күннің қызуы күшейіп, қала баяу ырғаққа түсті: көшеде қозғалыс та, адамдар да жалқау күйде. Бәрі бір сәтке аялдағандай.

Бірақ дәл сол сәтте Svetlana Modern Cuisine мейрамханасына бас сұққан адам басқа әлемге енгендей күй кешті. Мұндағы кеңістік -салқын әрі пештен енді шыққан тәттілер мен шайдың иісі ауада қалқып тұр. Дәл осы жерде HONOR 400 смартфонының таныстырылымы өтті. Алайда бұл жай ғана жаңа құрылғының тұсаукесері емес, бұл – стиль, технология мен эстетиканың үйлескен сәті.

HONOR 400 телефонының таныстырылымы: Стиль, эстетика және технология тоғысқан сәт

Бұл кеш – құрғақ деректер мен техникалық сипаттамалар жайлы емес еді. Мұнда басты назар – сезім мен үйлесімде, күнделікті өмірге етене сіңісіп кеткен жайлылықта болды. HONOR 400 — қолыңдағы гаджет қана емес, әдетке айналған серігің іспетті. Таңғы кофеңді ішкендей табиғи, сенің күн тәртібіңнің бір бөлшегіне айналатын құрылғы. Музыкасы, жарық ойыны, тіпті ұсынылған мәзірге дейін – барлығы бұл смартфонның тек технология емес, өмір стиліне айналғанын сездіруге бағытталған.

«HONOR 400 сериясын ұсыну арқылы біз мобильді технологиялар деңгейін жаңа белеске көтеріп отырмыз. Бұл құрылғылар -қолданушының әдеті мен өмір салтына бейімделе алатын интеллектуалды жүйемен жабдықталған. Жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы түсірілім мен өңдеуді жеңілдетіп, HONOR 400 шығармашылық пен өзін-өзі танытудың сенімді серігіне айналады. Қазақстан — осы серия алғаш таныстырылған елдердің бірі болғаны біз үшін үлкен мәртебе», – деп HONOR компаниясының Қазақстандағы аймақтық директоры Джонибек Вэй бұл кештің мәнін түсіндіре өтті.

HONOR 400 телефонының таныстырылымы: Стиль, эстетика және технология тоғысқан сәт

Кештің басты кейіпкері – HONOR 400. Жаңа буын смартфон 200 мегапиксельдік жасанды интеллекті бар камерамен жабдықталған. Бірақ бұл жерде бастысы – сандар емес. Нақты әсерді камераның қалай жұмыс істейтіні береді.Камера кадрды сенен бұрын сезетіндей: не түсіргің келетінін біледі, әрі соны мінсіз жүзеге асырады.

Жаңа AI Portrait Snap функциясы кадрдағы ең сәтті мезетті өзі анықтайды. Адамның кенет бұрылған сәті ме, шашының жарыққа шағылысы ма, әлде жарық пен көлеңкенің ерекше үйлесімі ме -камера сол сәтті дәл ұстап қалады. Ең таңғаларлығы – бұл үшін ештеңе басудың қажеті жоқ. Смартфон өзі-ақ кәсіби оператордай әрекет етеді.

Камерадағы ерекше мүмкіндіктердің бірі – Harcourt режимі. Бұл — 50-жылдардағы винтаж студияларының стиліне негізделген көркем түсірілім форматы. Жұмсақ жарық, терең көлеңке мен сәл драмалық реңк — бәрі кадрға кинематографиялық әсер береді. Қай жерде түсірсең де әр сурет режиссердің қолынан шыққан кино көрінісіндей әсер қалдырады.

Таныстырылымда жұртты ерекше таңғалдырған сәттердің бірі – HONOR 400 ішіндегі ақылды редактордың мүмкіндіктері. Смартфон кадрдың мазмұнын түсініп тұрғандай әсер қалдырады. Артық фон элементтерін әп-сәтте өшіріп, суреттің табиғи тұтастығын бұзбайды. Егер кадрдың шеті қиылып қалса, смартфон жетіспейтін бөліктерді өзі толықтырып, шынайы әрі үйлесімді көрініс жасайды.

Тағы бір ерекше функция – суреттерден коллаж құрастыру. Тоғыз кадрға дейін таңдап алсаңыз, смартфон оларды біртұтас композицияға біріктіреді. Қозғалыс, реңк, көңіл күй — бәрі сол күйінде сақталады. Камера жарықты, түстерді, композицияны саралап, жай ғана фильтр емес, нақты көркемдік шешім ұсынады. Әр кадр авторлық фильмнің бір сәтіндей әсер қалдырады. Ең бастысы — бұл мүмкіндіктер үшін қосымша бағдарламалар немесе компьютерлік өңдеу қажет емес.

HONOR 400 телефонының таныстырылымы: Стиль, эстетика және технология тоғысқан сәт

Өнімділік жағына келсек, HONOR 400 заманауи флагман деңгейінен кем түспейді. 5300 мА·сағ сыйымдылықтағы аккумуляторы күні бойғы белсенді түсірілімге, өңдеуге, байланыс пен навигацияға еркін жетеді. Жылдам қуаттау мүмкіндігі де қуантады: небәрі 15 минут ішінде 44% заряд — таңғы кофе ішіп үлгергенше-ақ дайын болады.

Жаңа MagicOS 9.0 жүйесі жұмысты бірқалыпты, интуитивті етеді: дауыспен басқару, автоматты түрде сөйлеуді мәтінге айналдыру, ақылды жазба құрылымы және deepfake-видеоқоңыраулардан қорғайтын жүйе — бәрі бірге. Смартфон бейтаныс немесе күмәнді қоңырауды өзі анықтап, алдын ала ескерту жасайды. Бұл енді болашақтың функциясы емес — күнделікті өмірге сіңісіп кеткен қауіпсіздік құралы.

Көбірек мүмкіндік іздейтіндер үшін HONOR 400 Pro дәл келеді. Бұл нұсқада 3 есе оптикалық және 50 есе цифрлық зумы бар телеобъектив, IP68 стандартына сай су мен шаңға төзімділік және қуатты Snapdragon 8 Gen 3 чипсеті бар. Ауыр файлдармен жұмыс істейтін, жол үстінде жиі түсіріп, өңдейтіндер үшін — таптырмас көмекші. Сонымен қатар, 100 Вт супержылдам сымды және сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар.

Ал егер күнделікті қолдануға ыңғайлы, стильді және ақылды құрылғы іздесеңіз — HONOR 400 Lite негізгі қажеттіліктердің бәрін қамтиды. 108 мегапиксельдік камера, 120 Гц жиілікті AMOLED дисплей, жеңіл корпус, кіріктірілген AI-редактор және камераны бір басқанда іске қосатын арнайы батырма —бұның бәрі қарапайым әрі қолжетімді. Шапшаң, түсінікті, сонымен бірге сырт келбеті де заманауи. Әсіресе баға мен сапа тепе-теңдігін бағалайтындар үшін — таптырмас таңдау.

HONOR 400 телефонының таныстырылымы: Стиль, эстетика және технология тоғысқан сәт

Таныстырылым кешіне арнайы келген қонақтардың бірі — белгілі фотограф Аскар Бумага болды. Ол HONOR 400 смартфонын алдын ала Астанада сынақтан өткізіп көрген. Бірақ жай ғана сынақ түсірілім емес — ол арқылы қаланың көңіл күйін жеткізуге тырысты. Кешкі жарық, күннің батуы, әйнек ғимараттардағы шағылыс — мұның бәрі ауыр техникасыз, тек смартфон арқылы түсірілген. Нәтиже — таңғалдырмай қоймайды.

Аскардың айтуынша, ол алғаш рет смартфонды «қалтадағы фотостудия» ретінде сезінген. Суретке түсіру, бірден өңдеу, композициямен ойнау — бәрі қолжетімді. Ештеңе жоғалмайды, идеяң сол сәтте-ақ жүзеге асады.

HONOR 400 — бұл еркіндік туралы. Қосымша қолданбаның жүктелуін күтпей, фотоаппарат арқаламай-ақ, бір сәтті қалт жібермей түсіруге мүмкіндік береді. Кешіктірмейді, қиындатпайды. Әдемі нәтиже — бірден. Ол саған бейімделеді. Сенен үйренеді. Ол тек түсірмейді — көре біледі.

HONOR 400 телефонының таныстырылымы: Стиль, эстетика және технология тоғысқан сәт

Ең бастысы — енді бұл смартфондар Қазақстанда сатыла бастады. 19 маусымнан бастап HONOR 400, HONOR 400 Pro және HONOR 400 Lite еліміздегі ресми дүкендер мен бренд серіктестері арқылы қолжетімді.