Home Электроника Ұялы телефон Samsung жаңа Ultra үлгісін таныстыруға дайын

Samsung жаңа Ultra үлгісін таныстыруға дайын

15

Samsung компаниясы көп жылдан бері пайдаланушылардың үлкен экрандар, жетілдірілген камералар мен шығармашылық мүмкіндіктерге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жұмыс істеп келеді. Ultra мүмкіндіктер тек функционалдық жаңартулардан ғана емес, сонымен қатар жоғары сапалы дизайн мен ыңғайлы құрылғылардан тұрады.

Galaxy Ultra бүгінде – технологиялық жетістіктердің шоғырланған үлгісі. Ол жоғары өнімділікпен ғана емес, жасанды интеллектімен үйлесімді жұмыс істеуімен және иілмелі құрылғыларға арналып ойластырылған шешімдерімен ерекшеленеді. Осылайша, келесі Galaxy буыны пайдаланушыларға инженерлік шешімдер мен өнерді үйлестіре отырып, күнделікті тәжірибені жақсартуды мақсат етеді.

Бұрынғыдан да жұқа, жеңіл әрі берік құрылғы

Смартфон – күнделікті жанымыздан бір елі ажырамайтын сенімді серігіміз. Оны қалтаға салып жүруге де, бір қолмен басқаруға да ыңғайлы еткен жөн. Сондықтан Samsung инженерлері мен дизайнерлері әр жаңа Galaxy Z үлгісін алдыңғы буындардан да жеңіл, жұқа әрі ұзақ мерзімге төзімді етіп жетілдіруге ұмтылады.

Биыл Samsung жаңа деңгейге жетті. Galaxy Z буынындағы жаңа үлгілері ең жұқа, ең жеңіл және ең жетілдірілген иілмелі модель болып саналады. Бұл құрылғылар тек көпфункционалдығымен емес, ұзақ мерзім пайдалануға лайық мықты құрылымымен де ерекшеленеді.

Көзіңіз шалған сәтті қалт жібермей түсіретін әрі оған бейімделе әрекет ететін ақылды камера

Galaxy құрылғысының камерасц – жай ғана суретке түсіретін құрал емес. Ол жасанды интеллектімен біріге отырып, қолданушы көріп тұрған дүниені ұғынады және соған сай әрекет етеді. Мұндай үйлесімнің арқасында камераның мүмкіндіктері кеңейіп, күнделікті өмірді жеңілдететін ақылды көмекшіге айналады.

Иілмелі экранның қосымша кеңістігімен үйлескен бұл камера пайдаланушыға әлдеқайда қуатты әрі динамикалық тәжірибе ұсынады. Жаңа технологиялар туралы сөз қозғағанда, құпиялық мәселесі басты назарда. Камераны қолдану барысында жеке деректердің қауіпсіздігі әрдайым бірінші орында тұрады.

Samsung әрқашан қолайлылықты басты назарда ұстайды. Galaxy камерасы қолданушының кез келген сәтін айқын әрі әсерлі түрде түсіруге көмектеседі, ал интерфейстің интуитивтілігі мен тиімділігі пайдаланушылардың күнделікті өмірін жеңілдетеді.

Компания Galaxy Unpacked іс-шарасында жаңа иілмелі құрылғылардың мүмкіндіктерін 9 шілде күні сағат 19:00-де samsung.kz сайтында таныстыруды жоспарлап отыр.