Home Және басқа ақпараттар Ана мен бала eGov Mobile-ға қамқоршылық туралы құжат енгізілді

eGov Mobile-ға қамқоршылық туралы құжат енгізілді

39

Енді кәмелет жасына толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы мәліметті eGov Mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінен алуға болады.

Цифрлық құжат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде тіркелген деректер негізінде автоматты түрде жасалады. Онда қорғаншы мен қамқоршының, сондай-ақ олардың қарауындағы азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), аты-жөні, туған күні, жергілікті атқарушы органның бұйрығының нөмірі мен күні, сондай-ақ «Күні бойынша жарамды» деген өріс көрсетіледі.

Аталған құжатты қызмет алу кезінде, түрлі ұйымдарға жүгінгенде және басқа да ресми жағдайларда көрсетуге болады.

Жаңа цифрлық құжат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасындағы әріптестік аясында іске асырылды.