Home Техника Экология @TazaQazBot чат-ботына 18 мыңнан астам өтініш түсті

@TazaQazBot чат-ботына 18 мыңнан астам өтініш түсті

13

Еліміздің түрлі өңіріндегі тұрғындар қоршаған ортаның тазалығы мен абаттандырылуына қатысты мәселелерді Telegram желісіндегі @TazaQazBot чат-боты арқылы белсенді түрде жолдап жатыр. Іске қосылған уақыттан бері жүйеге 18 мыңнан астам өтініш тіркелген.

Азаматтар көбінесе көшелерді тазалау, қоқыс шығару, аула мен қоғамдық орындарды ретке келтіру секілді мәселелерге назар аударады.

Чат-бот арқылы өтініш қалдыру үшін қолданушы алдымен тіркеліп, мәселенің фотосын жүктеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама беруі қажет. Жүйеге түскен өтініштер автоматты түрде жергілікті әкімдіктерге жөнелтіледі. Тиісті орган өтінішке жауап беріп қана қоймай, атқарылған жұмыстың фотесебін де ұсынуы тиіс.

Айта кетейік, бұл платформа 2024 жылдың маусым айында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен іске қосылған. Жоба тұрғындардың экологиялық мәселелерге бейжай қарамауына, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Чат-боттың басты мақсаты – халық пен билік арасындағы байланысты жеңілдетіп, экологиялық талаптардың орындалуын қоғам бақылауына беру.