Home Робот пен дрондар,ЖИ БАӘ – заң шығару ісіне жасанды интеллект тартқан алғашқы ел

БАӘ – заң шығару ісіне жасанды интеллект тартқан алғашқы ел

25

Біріккен Араб Әмірліктері заң қабылдау үдерісін түбегейлі өзгертетін қадамға барды. Ел билігі енді заң жобаларын әзірлеу мен өзгертуге жасанды интеллектіні қолданбақ. Бұл шешім жаңа заң жобалары мен ережелерді әзірлеуге кететін уақытты 70%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында мемлекет ішіндегі барлық федералдық және жергілікті заңдар, сот шешімдері мен мемлекеттік органдардың мәліметтері бір жүйеге біріктіріледі. Жасанды интеллект осы ақпараттарды талдап, заңнамалық өзгерістер бойынша ұсыныстар жасап, олардың қоғам мен экономикаға ықпалын болжай алады.

Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактумның айтуынша, ЖИ-ді заңнамалық жұмысқа енгізу — аталмыш процесті жылдам әрі дәл жүргізудің заманауи жолы. Жаңа технологияларды қадағалайтын арнайы құрылым — Заңнамалық сараптама басқармасы (Regulatory Intelligence Office) құрылады.

Financial Times мәліметінше, БАӘ бұл салада көш бастап отыр. Әлемнің көптеген елдерінде жасанды интеллект тек көмекші құрал ретінде пайдаланылса, Әмірліктер оны заң шығару үдерісінің толыққанды қатысушысына айналдыруды көздеп отыр.